03 Желтоқсан, 2016
1427
«Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында
Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында болды.
Біздің елімізде әрқашанда халқымыздың асыл арманы мен үкілі үмітін іске асыратын өскелең ұрпақтың жағдайына ерекше мән беріліп келеді. Осы орайда, сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ-сі директорының орынбасары Рахима Ахметова «Барлық балаларды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаймын. Болашақта ел тізгінін қолға алып, асыл арманын іске асыратын азамат болып өсулеріңізге шын жүректен тілектеспіз. Біздер болашақ ұрпақ үшін жауаптымыз. Баршаңызға тілерім, болашақтарыңыз жарқын болсын, алға қойған мақсаттарыңызға жетіңіздер», – деді.
Облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Раиса Смаханова балаларға жылы лебізін білдіріп, оларды мерекемен құттықтады.
Олар балаларға сыйлықтар әкеліп, қуаныш сыйлады. Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, балалар би биледі. "Атамекен” отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Лиза Ноғайбайқызы мен тәрбиеленушілер Аналар кеңесінің мүшелеріне ерекше алғысын білдірді. Мереке қарсаңында келген қонақтарға балалар өз өнерлерін көрсетті.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
-
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ