![](/upload/iblock/92d/92dd2ce16b5becf2a1fc2f307957f26f.jpeg)
13 Сәуір, 2024
213
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
Бүгін Таразда ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Нәзипа Шанаи аймақтағы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері және іскер әйелдермен кездесті.
Облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында өткен басқосуда Нәзипа Ыдырысқызы ҚР Сенатында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейтетін заң жобасының мақұлданғанын ерекше атап, аналардың ортақ жеңісі екенін алға тартты. Аталған Заң аясында қоғамда түрлі қауесеттер тарағаны белгілі. Осыған орай, Нәзипа Шанаи аналарға жаңа заң аясында халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, наурыз айында Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген негізгі мәселелерге де тоқталды.
- Қазіргі таңда өзге діни ағымның жетегіне еріп бара жатқан жас жеткіншектер жайы алаңдауға негіз болып отыр. Тіпті, ғаламтор арқылы жат діни ағымдардың құрығына түскен жастар да бар. Ал ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл әуелі үлкендердің кінәсі. Біз жастарды жаһанданудың қатерлі ықпалынан барынша сақтауға міндеттіміз. Бабаларымыздың мың жылдық діни білімі мен рухани нұсқауына сүйенуіміз керек, - дейді Нәзипа Ыдырысқызы.
Қоғам дертіне айналған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жайы да басқосуда кеңінен қаузалды. Бүгінде елімізде 12000-ға жуық жасөспірім тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі бар отбасында тәрбиеленуде. Жиында орталық директоры және облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Эльмира Мырза-Ғали өскелең ұрпақ арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіздік сағаты» жобасы туралы мәлімдеді.
Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда қоғамда отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу арқылы ғана салауатты ұрпақ қалыптастыра алатынымыз анық. Маңызы мол жиында облыстық Аналар кеңесі - ардагерлер кеңесі жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Хадиша Оспанова, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Әйгерім Дәулетбаева, «Республикалық және облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің» Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова, облыстық «Аналар алқасының» мүшесі Жамал Қалыбекова, еңбек ардагері, заңгер Күлзипа Абдрахманова және Әл-Фараби атындағы бастауыш мектебінің меңгерушісі Айнұр Жексембиновалар жастар арасында қоғамдық еңбек рөлін арттыру қажеттігін баса айтты. Одан кейін бала тәрбиесі төңірегінде күрмеулі мәселелерді тізіп, ұсыныстарын білдірді.
Өз кезегінде Нәзипа Шанаи қатысушылар тарапынан айтылған басты мәселелерді назардан тыс қалдырмайтындығын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысында «Отбасы-тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті
-
Шымкентте «Жалпыұлттық құндылықтар – қоғамды ұйыстырады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Қарағандыда «Дала рухы» этно-фольклорлық ансамблі ұлттық домбыра күніне Құрманғазының «Балбырауын» күйін тарту етті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Ұлттық домбыра күніне орай құттықтауы
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады
-
«Бірлік дамудың негізі»
24 Шілде, 19:18
Алматы облысында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен дөңгелек үстел өтті
19 Шілде, 19:39
Мәдениет және ақпарат министрлігінде ҚХА жастары жобаларын қолдау мәселелері талқыланды
23 Шілде, 10:37
Петропавл қаласында Сабантуйдің мерекесі өтті
23 Шілде, 10:33
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты арнайы жобасын жүзеге асыруда
22 Шілде, 18:34
Жезқазған қаласы Аналар кеңесінің отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысында «Отбасы-тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті
-
Шымкентте «Жалпыұлттық құндылықтар – қоғамды ұйыстырады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Қарағандыда «Дала рухы» этно-фольклорлық ансамблі ұлттық домбыра күніне Құрманғазының «Балбырауын» күйін тарту етті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Ұлттық домбыра күніне орай құттықтауы
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады
-
«Бірлік дамудың негізі»