14 Мамыр, 2020
1252
Атырау: Алғаш рет ұйымдастырылған онлайн Жеңіс шеруі жыл аяғына дейін жалғаспақ
Атырау облысындағы «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен жыл сайын Жеңіс күні соғыста ерлікпен қаза тапқандардың ұрпақтары ата-бабаларының суреттерін қолдарына ұстап қала ішімен Жеңіс саябағына қарай бет алатын. Алайда, биыл карантинге байланысты Жеңіс шеруі өткізілмеді,. Бірақ атыраулықтар Соғыс майдангерлеріне арналған шеруді алғаш рет онлайн түрде ұйымдастырды.
Биыл «Былина» этномәдени бірлестігі сәуір айының 1-нен бастап «Мәңгілік даңқ» акциясын жариялап, атыраулықтарға Жеңіс шеруін онлайн түрде өткізуді ұсынған болатын. Ондағы мақсат – ардагерлер суреттері жинақталған бейнероликтерді әлеуметтік желілерде 9 мамыр күні жариялау арқылы Жеңіс шеруін ұйымдастыру.
«Акция жарияланған күннен бастап, «Мәңгілік даңқ» мұрағатына келіп түскен хаттардың санында шек болмады. Жерлестерден үздіксіз майдангерлер суреттері келіп жатты. Бұл акцияға Ресей елінен қосылғандар да бар», - дейді «Былина» этномәдени бірлестігінің жетекшісі А. Кораблев.
Келіп түскен 300 суреттен 5 бейнеролик дайындалып, 9 мамыр күні фэйсбук желісінде жарияланды.
«Былина» этномәдени бірлестігінің жетекшісінің айтуынша, аталмыш акция жыл аяғына дейін жалғаспақ.
Суреттерді 87017159923, 87075747777, eco.bylina_fail@mail электрондық поштасына жіберуге болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
-
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті