
01 Мамыр, 2020
7709
Атырау: Аспанға түрлі-түсті бейбітшілік шарлары ұшырылып, балалар арасындағы сурет байқауының жеңімпаздары анықталды
Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы сәуір айының 20-сы мен 30-ы аралығында жарияланған балалар арасындағы сурет байқауының жеңімпаздарын анықтап, оларды марапаттау рәсімін өткізді. Шара 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылды.
«Онлайн суреттер» байқауына 6 мен 16 жас аралығындағы Атырау облысының 80-нен астам жас суретшілері қатысты. Олардың қатарында Құрманғазы, Жылыой, Махамбет, Индер, Мақат, Исатай аудандарының өкілдері де бар.
Байқауға қатысушылар 1-мамыр мерекесі - ұлттар бірлігі, елдегі бейбітшілік пен ынтымақтастық тақырыбында қиялдарын самғатып, өнерлерін ортаға салды.
Атырау облысы «Аналар кеңесі», ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері келген жұмыстарды қорытындылап, үздік жұмыстарды анықтады. Қазылар алқасының шешімімен 1-ші орынды Құрманғазы ауданындағы Ю. Гагарин орта мектебінің 5 сынып оқушысы Айкөркем Жәнібекқызы мен қалалық 38 мектеп оқушысы Томирис Ақжігітова өзара бөлісті. Екінші орын иегерлері 11 жасар Шынар Елеубай және Мунира Абдулхамидоваға, ал ІІІ орынды Дильназ Жолдасова, Кәусәр Рысжан және Кәусәр Тоқтамыс ( Исатай ауданының Тұщықұдық ауылы ) иеленді. Ұйымдастырушылар атынан барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталдыТағы 30 қатысушы Алғыс хатпен марапатталды.
Бірлік мерекесі күні Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жастары «Біз - біртұтас Қазақстан халықпыз!» атты акциясын ұйымдастырды. Пандемия кезінде көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін тарату қайырымдылық шарасын өткізу мақсатында «Достық» үйінде бас қосқан белсенді жастар аспанға түрлі-түсті бейбітшілік шарларын ұшырып, мерекенің сәнін келтірді.
«Жерлестеріне мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ашық аспанға күн мен бейбітшіліктің нышаны ретінде түрлі-түсті шарларды ұшырып, алда қуанышты күндердің көп болатындығын еске салды», - дейді грузин этномәдени бірлестігі жастар қанатының жетекшісі Лики Кучухидзе.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Атырау облысы
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Атырау облысы
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады