20 Наурыз, 2020
988
Атырау: ҚХА мүшесі шалғай ауданның тұрғындарына 20 тонна көкөністі тегін жөнелтті
Халықтың қамын ойлаған Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы кәсіпкерлер ассоциясының мүшесі Владимир Розметов бүгін Құрманғазы ауданының тұрғындарын бір қуантып тастады.
Гуманитарлық көмек ретінде резервте тұрған 20 тонна көкіністі аталмыш ауданға жөнелтті. Оның 15 тоннасы - картоп, 5 тоннасы - пияз. Өнімдер ауданға жеткеннен соң ауыл тұрғындарына тегін таратылатын болады. Бір айға жарияланған төтенше жағдай кезінде бұл үлкен көмек, дейдң Ассамблея мүшелері.
Айта кету керек, 19 ауылдық округі және 49 ауылдық елді-мекені бар Құрманғазы ауданы Атырау облысы орталығынан шалғай жатқан аудандардың бірі. Ресей Федерациясының Астрахань қаласымен шекаралас. Аудан халқы күнделікті азық-түлігін көрші елден сатып алып отырады. Ал, жарияланған төтенше жағдайға байланысты құрманғазылықтардың шекарадан өтуіне мүлдем тиым салынған еді.
«Атырау агроөнімдері» шаруа қожалығы басшысының бұл жалғыз ғана игі ісі емес. Бүгінгі күнге дейін ҚХА мүшесі, кәсіпкер жетім мен жесірге, қарттар мен мүгедектерге, білімді жастарға қайырымдылық жасап, қамқорлығын танытып келеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті