Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Наурыз, 2020

975

Атырау: ҚХА жас жұбайлардың некеге дейінгі психологиялық дайындық мектебін құруды ұсынды

Атырау облысының зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге арналған Дағдарыс орталығында отбасында қиын жағдайға тап болған әйелдерге медиациалық көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Кездесуге Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы Зәмзагүл Жалмурзина, ҚМУ-дың «Қоғамдық өмір» медиаторлары, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ж. Ильясова қатысты және тағы басқалары қатысты.

Атырау облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының құрбаны болып жүрген әйелдер саны артып келеді. Қорлық көріп шыдай алмай өз-өзіне қол жұмсап жатқаны қаншама?! Осындай фактілердің санын жою және әйелдерге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында қалалық Аналар кеңесі ауқымды жұмыстарды атқарып жүр, дейді ұйымдастырушылар.

«Біз қиын жағдайға душар болған, әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған көп балалы әйелдерге көмек береміз. Достық үйінде қазіргі таңда медиация кабинеті ашылған. Ол жерде күн сайын білікті заңгерлер, медиаторлар, психологтар тегін консультациялық көмек береді. Біз әр әйелдің мұңын тыңдап, мейілінше көмек беруге тырысып бағамыз» деді ҚХА қалалық Аналар кеңесінің жетекшісі Салтанат Убдиянова кездесу барысында.

Сондай-ақ, қатысушылар бүгінгі таңда моральды да, материалды тараптан дайындықсыз үйленіп, кейін ажырасып жатқан жастар проблемасын да көтерді. Осыған байланысты, кеңес мүшелері тарапынан бірауыздан некеге дейінгі психологиялық дайындық мектебін құру туралы ұсыныстар айтылды. Олардың пікірінше, бұл жас жұбайлардың психологиялық және моральдық жетілуін тексеруге мүмкіндік береді.

Кейін қарай