12 Наурыз, 2020
1025
Атырау: Облыс әкімінің Достық үйіне алғаш сапары
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов алғаш рет аймақтық Достық үйінде болып, этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті.
Аймақ басшысы этномәдени ұйымдардың тарихи жәдігерлерімен жабдықталған бөлмелерін аралап көріп, әр ұлттың тарихы, салт-дәстүрімен танысты.
Облыс әкімі кездесу барысында бірлік пен береке, татулық жолында қызмет атқарып жүген Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын талқылап, ҚХА-ның 25 жылдығына орай өткізілетін шараларға тоқталды. Биылғы Еріктілер жылында қоғамдық жұмыстарға белсенділік танытып, қайырымдылық шараларды жүзеге асырып жүрген этномәдени бірлестік басшыларына, белсенді жастарға алғысын білдірді.
Бірлестік басшылары Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік шараларға өзіндік үлестерін қосатындықтарын жеткізді. Мысалы, «Былина» этномәдени бірлестік жетекшісі Андрей Кораблев биыл 9 мамыр күні өтетін «Мәңгілік даңқ» шеруі жолын ұзартуды, яғни Владимирский көшесі бойымен Жеңіс саябағына дейін созу туралы ұсыныс білдірді.
Қордай мәселесі де кездесу барысында сөз болып, ұлт өкілдері өз пікірлерімен бөлісті. «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Зелимхан Зубариев: «Мыңдаған жетім-жесірге, жүздеген ұлтқа пана болған қазақ жеріндегі бұл жағдай бізді қынжылтты. Біздер ұйым басшылары да елдегі тыныштық пен татулықтың сақталуына көп жұмыстар атқаратын боламыз», деді.
Кездесу соңында облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына сәттілік тілеп, өз тарапынан үлкен қолдау танытатындығын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
вчера, 15:38