АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА «АГРО ТУРИЗМ» ЭКСКУРСИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Атырау облысы  әкімі  аппаратының  «Қоғамдық келісім» КММ-нің  ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолы» жастар  қозғалысының  жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, әлеуметтік  жағдайы төмен  отбасы  балаларына  ауыл шаруашылық «Агро туризм» экскурсиясы өткізілді.

20190629_125000.jpg

Агро туризм саяхаты Махамбет ауданына қарасты Сарайшық селосы «Сарайшық» ЖШС-нің ешкі сүт зауытынан бастау алды.

20190629_121621.jpg

Экскурсия барысында зауыттың мал дәрігері Шефер Эрнест Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қозғалысының мүшелері мен оқушы балаларға ешкі малының өсуі жөнінде және өнімдерінің қалай, қайдан алынатындығы жөнінде мәлімет берді.

20190629_121758.jpg

Жалпы шаруашылықта 60 мыңға жуық ешкі үй жануарлары бар және ешкінің сүтінен қаймақ, сүт, айран, құрт, балмұздақ, йогурт секілді таза өнімдердің алынатындығын таныстырып, өнімдерден жастарға ұсынды.

Одан әрі экскурсия жұмысы «Алмалы құс» фабрикасына ұйымдастырылды. Фабрикада бірнеше блоктар орналасқан, соның ішіндегі 4 блокта 240 мыңға жуық тауықтар бар. Күніне барлық тауықтардан 210 мыңға жуық жұмыртқа алынып, цехтан тазартылып, өңіріміздің және аудандардың сауда орталықтарына жөнелтіледі.

Сондай-ақ, жұмыс бағыты «Мекен» демалыс орнының мал шаруашылығында жалғасын тауып, балалар жылқы малы, құстардың түрлері (түйеқұс, күркетауық, үйрек, фазанда, павлин) және хайуанаттардың түрлерін (қасқыр, аю) тамашалап, демалыс орнында мал шаруашылығымен қатар, егін шаруашылығы картоп, қызанақ, қияр, қауын, қарбыз өнімдері туралы мәлімет алды. 

Back to the list