Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қараша, 2021

285

Атырау облысындағы этнос өкілдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында кездесу өтті

Достық үйінде Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-ның қолдауымен Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Атырау облысындағы этнос өкілдерімен «Тәуелсіздік тұғыры – мемлекеттік тіл» атты әдістемелік көмек беру мақсатында кездесу болып өтті.


Кездесуге Атырау облысы ҚХА-ның этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен «Жаңғыру жолы» ЖҚ-ның мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Тәуелсіздігіміздің ең асыл қазынасы – мемлекеттік мілді меңгеру қажеттілігі, өңірдегі тілдік ахуал және ең маңыздысы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тапсырмасымен дайындалған қазақ тілін меңгерудегі ІТ жобалардың таныстырылымы мен қазақ тіліндегі ерекше төл дыбыстарының латын графикасы негізінде белгіленуі туралы ақпараттар берілді.

Кездесуді Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі Басқармасы» ММ-нің басшысы А.Қыстаубаева қатысушыларға мемлекеттік тілдің маңыздылығын айта келе, латын графикасы және аудиториямен жұмыс жасалынып, қазақ тілін оқытудың жәй-күйін талқылады. Тіл саясаты, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А.Қуаныш арнайы жасақталған тіл графикасы мен tilalemi.kz сайтының қосымшаларымен таныстырды. «Новруз» әзірбайжан ЭМБ-нің «Жаңғыру жол» ЖҚ ның мүшесі Х.Әлиев қазақ тілінде жазылған сөздермен таныстырды.

Кездесу соңында этномәдени бірлестіктерінің өкілдеріне қазақ тілін оқытуға арналған әдістемелік құралдар таратылды.

Кейін қарай