Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Наурыз, 2020

1116

Атырау: «Татулық» вокалдық ансамблінің құрылғанына – 20 жыл

Атыраудың Достық үйінде татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен құрылғанына 20 жыл толған «Татулық» вокалды ансамблінің шығармашылық концерті өтті.

20 жыл ішінде «Татулық» вокалды ансамблі өнер сүйер қауымды әсем әуендерімен қуантып келеді. Репертуарларында қазақ, орыс, татар, башқұрт әндерін және заманауи әндер бар шығармашылық топ көптеген қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері.


20 жылда талай жетістіктерге қол жеткізген ансамбль шығармашылық кешті «Ақерке, Ақжайық» әнімен ашты. Одан кейін татар тілінде бірнеше әндер шырқалып, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Огонек», «Я все еще жду отца», «Туған тел» әндері орындалды.

Кеш барысында кішкентай бүлдіршіндерден құралған «Балақай» вокалды ансамблі де өз өнерлерін ортаға салды.


Бүгінде «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ардагер өнерпаздары ансамбль құрамында тынымсыз еңбек етіп келеді.

Бірлестік жетекшісі Гүлсина Байкенованың айтуынша, «Ансамбльдің бір ерекшелігі – өнер көрсетіп жүрген ардагер өнерпаздардың кәсіби музыкалық білімі жоқ. Бірақ олардың жасына қарамастан өнерге деген қызығушылығы, ән айтуға деген құштарлығы орасан зор. Соның арқасында өздерінің шығармашылығымен басқаларға күш-қуат беріп, өнеге көрсетіп жүрген топтың бірі».


Кейін қарай