04 Мамыр, 2021
706
Атырауда грузин халқының этнофестивалі өтті
Атырау облысы ҚХА «Қоғамдық келісім” КММ-нің қолдауымен С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінде 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік - Единство» этнофестивалі өтті. Түрлі этнос жастарынан құралған колледж студенттері мерекелік шарада грузин халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстырып, өнерін ортаға салды. Сондай-ақ, фестивальға қатысушылар грузин халқының «Хачапури», «Долма» ұлттық тағам түрлерінің қалай дайындалатынын айтып, көпшілікке ұсынды.
Ал «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе барша қазақ еліне құттықтау лебізін онлайн форматта жолдады.
Аталмыш оқу орнында бүгінде 12 түрлі ұлттың этнос жастары білім алып жүр. Бірлік пен татулықты адамгершілік, адалдық сынды ізгі қасиеттермен бірдей жоғары бағалайтын жастардың туған жеріне деген патриоттық рухын бүгінгі өткен мерекелік шарадан айқын байқауға болады.
Бірлескен шара соңында “Қоғамдық келісім” КММ өкілдері Ассамблея атынан мерекеге ерекше атсалысып, белсенділік танытқан студенттер ұжымын Дипломмен және 25 мың теңге көлеміндегі сертификатпен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады