10 Ақпан, 2020
1094282
Атырауда ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық тобының жұмысына этномәдени бірлестіктері тартылмақ
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы мүшелерінің үстіміздегі жылғы алғашқы отырысы өтті.
Оның барысында ғылыми-сараптамалық топтың жаңа құрамы бекітіліп, 2019 жылғы жұмыстың есебі тыңдалып, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылды.
Шара барысында ұлт бірлігі мен этносаралық келісім, Қазақстан этностарының тарихы туралы ҒСТ мүшелерінің ғылыми еңбектерінің кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Саламат Идирисов еліміздегі қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылықты қамтамасыз ететін мемлекеттік және қоғамдық институттардың ерекшелігіне тоқталып, Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеудің негізі» атты халыққа Жолдауы мен Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларында көзделген міндеттер мен жобаларды іске асырудағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің атқарған еңбектеріне тоқталып, жаңа жылды тың бастамалармен бастауға шақырды.
Сондай-ақ, ғылыми-сараптамалық топтың құрамына ғалымдар қауымы мен этномәдени қауымдастығымен өзара байланысты нығайту үшін этномәдени бірлестіктерінің белсенділерін тарту қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Марат Әзілханов: Ассамблея бірегей қоғамдық институтқа айналды