
23 Мамыр, 2017
1871
Атырауда Сабантой мерекесі тойланды
Атырау қаласында «Тұрғындар» қалашығындағы демалыс саябағында «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі «Сабантой» ұлттық мерекелерін атап өтті. Мерекеге арнайы Татарстан Республикасы және көршілес Ресей Федерациясы Астрахан облысынан қонақтары шақырылды.
Жыл сайын мерекені дәстүрлі түрде атап өтуді әдетке айналдырған облыстық «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі бұл жолы да мерекені ерекше көңіл-күймен тойлады. Сабантой татар тілінен аударғанда «Жер өңдеу мерекесі» деген ұғымды білдіреді. Дәстүр бойынша татар халқы бұл мерекені жиын-терім көп болсын деген ырыммен тойлаған. Бұл татар - башқұрт халқының ежелден келе жатқан ұлық мерекесі. Оны кең тойласаң, бидай бітік шығады деген наным бар. Табиғат аясында жиналған жұртшылық күзде жиын- терім мол болсын деген тілектерін жеткізді.
Мерекеде татар- башқұрт халқының салт- дәстүрлері таныстырылып, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, балуандар боз кілемде белдесті. Сонымен қатар «Татулық» орталығының хоры, «Яш буын» шығармашылық ұжымы, «Балақай» балалар вокалының тобы өз өнерлерін көрсетті. Ұйымдастырушылар мерекеге келген қауымға қызықты көңіл-күй сыйлауға тырысты.
Молшылық пен достықтың, еңбектің мейрамы саналатын сабантойда арнайы Астрахан облысы мен Татарстан Республикасынан келген әншілер әуезді әндер шырқап, би биледі.
Мереке барысында қонақтарға татарлар мен башқұрттардың ұлттық тағамы «чак-чак», «умачты», «токмач», «чумар», «перемячи» т.б таратылды. Сонымен қатар, келушілер қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылған арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
Мерекелік іс шараға Атырау облысының этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және мерекеге қызығушылық танытқан қала тұрғындары қатысты.
Атырау облысы әкімі аппарытың
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті
-
Петропавл қаласында Сабантуйдің мерекесі өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті
-
Петропавл қаласында Сабантуйдің мерекесі өтті