
12 Желтоқсан, 2016
1310
Атырауда «Украин мәдениет күні» өткізілді
11 желтоқсан күні Достық үйінде Атырау қаласының «Довира» украин этномәдени бірлестігі «Украин мәдениеті күнін» атап өтті.
Мерекелік іс шараға Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Шәкірова Гүлмира, облыстық этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Украин этномәдени бірлестігінің төрайымы Павленко Ольга өз сөзінде Қазақстанда тұрып жатқан ұлттар мен халықтар арасындағы достықты, бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы украиндықтардың қосқан үлесіне тоқталды. Осының барлығы Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы, дана, көреген саясатының арқасы екенін атап көрсетті. Сөзін әрі қарай құттықтаумен жалғастырып, «Довира» украина этномәдени бірлестігінің бір топ мүшелеріне алғыс хат пен естелік сыйлықтарын табыс етті.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Аман-Турлина Т.Ө. құттықтау сөзінде: «Бүгінгі атаулы шара Қазақстандағы халықтардың өз мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ана тілін дамытуға зор мүмкіндіктері бар екенін білдіреді. Осы мүмкіндіктер қазақстандық біртектілік пен бірліктің нағыз дәлелі», - деді.
Ән кешінің шымылдығын «Хуторянка» ансамбілінің әншісі, халықаралық фестивальдар мен байқаулардың жеңімпазы Санынин Павел Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» лирикалық әнімен ашып, әрі қарай украин халық әндерімен жалғастырды. Көрермендер сахна төрінде «Хуторянка» ансамбілдің қойған ұлттық әні мен биін үлкен ықыласпен қабыл алды. Петровлдан келген Алена мен Дарьяның дуэті қобызбен қазақ халқының күйлерінен орындады.
Украин этномәдени бірлестігі облыста өткізілетін этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға, халықтар достығын дамытуға бағытталған барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Демалыс мектептерін ашып, Атырау мектеп оқушылары арасында үнемі байқаулар ұйымдастырады. Ардагерлер мен аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетіп, қайырымдылық акцияларынан тыс қалған емес.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
АЛМАТЫДА КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ САЛТАНАТПЕН ӨТТІ
-
ШҚО-да «Достық үйі - бейбітшілік және келісім орталығы» атты дөңгелек үстел өткізілді
-
Шығыс Қазақстан облысында «Коммуникативтік дағдылар тренингі» өткізілді
-
Мәдениет және ақпарат министрлігінде ҚХА жастары жобаларын қолдау мәселелері талқыланды
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
АЛМАТЫДА КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ САЛТАНАТПЕН ӨТТІ
-
ШҚО-да «Достық үйі - бейбітшілік және келісім орталығы» атты дөңгелек үстел өткізілді
-
Шығыс Қазақстан облысында «Коммуникативтік дағдылар тренингі» өткізілді
-
Мәдениет және ақпарат министрлігінде ҚХА жастары жобаларын қолдау мәселелері талқыланды