19 Қараша, 2024
199
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
Қазақстанның барлық өңірлерінен 50 астам белсенді «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері елордадағы "OzgeEpic" креативті хабы" ғимаратында бас қосып, еліміздің жетекші тренерлері мен спикерлері жүргізген шеберлік сыныптарынан тәжірибе алып, білімдерін жетілдірді.
Бағдарламаның алғашқы күні қатысушылар жасанды интеллект дамуы мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін талқылауға арналған кездесулерге қатысты. Бұл күні сөз сөйлегендер – «Тіл қазына» ғылыми-тәжірибелік орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай және Қазақстан халқы Ассамблеясы шығармашылық бірлестіктері қауымдастығының төрайымы, Ұлттық Дельфий комитетінің президенті Куралай Түсбекова.
Екінші күні бағдарлама аясында қатысушылар бейвербалды қарым-қатынаспен және әлеуметтік белсенділікпен өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.
Алдағы уақытта қатысушыларды «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаевтың жетекшілігімен практикалық воркшоп жоспарлануда.
Айта кету керек, бұл жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа ұрпақ көшбасшыларын тәрбиелеуге, әлеуметтік және мәдени мәселелерді тиімді шешуге дайын жас жетекшілерді қалыптастыруға үлес қосады. Сонымен қатар, «Көшбасшылар мектебі» өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, этносаралық қарым-қатынас және көшбасшылық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ жаңа ұрпақ көшбасшыларын даярлауда маңызды қадам болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады