Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қазан, 2021

287

Атырауда «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, «Jas Otan» облыстық филиалының және Атырау жастар ресурстық орталығының көшбасшылары ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

- «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы бірнеше жылдан бері біздің өңірде жастар саясатын жүргізіп келеді. Бүгінгі меморандумға қол қоя отырып, біз өңірімізде жаңа қызықты жобаларды бірлесіп жүзеге асырамыз деп үміттенеміз, - деп атап өтті «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанар Ілиясова.

Қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Серік Қадыров Атырау облысында сегіз Жастар ресурстық орталығы бар екенін айтты.

Ендігі бұл орталықтар бірлесе жұмыс жасап, біршама жобаларды жүзеге асыратын болады.


Кейін қарай