Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Мамыр, 2021

771

Атырауда Жеңіс күніне орай бірақатар шара өтті

«Біз Ұлы Отан соғысын ұмытқан жоқпыз» атаумен Атырау қаласының Достық үйінде 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Светоч» славян этномәдени бірлестігі мен Орыс, славян, казактар бірлестігі қауымдастығының Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.


Әскери киім үлгілерімен соғыс жылдарындағы әуендерді нақышына салып әсем орындаған, ерекше бейнеде көрініс көрсеткен, әуезді би билеген «Арабеск» би мектебінің бишілері мен «Камелия» вокалдық студиясының өнерпаздары мерекелік шараның сәнін келтірді.


Сонымен қатар Атырау қаласындағы «Вершина» демалыс орталығының қолдауымен өткен танымдық-мерекелік шара барысында сұрапыл соғыстың зардабынан қайғы-қасірет шеккен аналардың мұңы мен бақытты балалық шақты аңсаған сәбилер мен балақайлардың үні Жеңіс күнін жақындатып, адамзат баласы аңсаған нағыз ұлы Жеңіске жетуді шеберлікпен сомдап шықты.

Отан үшін от кешкен ардагерлерге тағзым етілді

Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып, Ұлы жеңіс күнімен құттықтады.


- Бүгінгі күн біз үшін - өшпес ерлік, шексіз қаһармандықтың тарихи күні. Ұрыс майданында жаңқияр ерлік танытқан ата-бабаларымызға, ардагерлерімізге бас иіп тағзым етеміз! Келешек ұрпағына бейбіт өмір сыйлау жолында жау соққысына төтеп берген ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Рухты жауынгерлеріміздің аты ешқашан өшпейді, - деді этномәдени бірлестік мүшелері.


Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Атырау облысы ҚХА ұйымдастырылған шараға облыс әкімі М.Досмұхамбетов, қала әкімі Қайрат Оразбаев, облыстың және қаланың Ардагерлер кеңесінің төрағалары, Ауған соғысы ардагерлер кеңесі мүшелері қатысып, ардагерлерді құттықтады.


Құттықтау рәсімінен кейін, Гурьев (Атырау) қаласындағы госпитальдарда жараланудан қайтыс болған Қызыл әскер жауынгерлерінің бауырлас зиратына барып гүл шоқтарын қойды.

Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай автошеру ұйымдастырды

Мерекелік автошерудің бастамашысы және ұйымдастырушысы Атырау облысы ҚХА "Былина" орыс этномәдени бірлестігі болды.


Жергілікті байкерлер клубынан жиырма автокөлік пен бірнеше мотоцикл шықты.

Атырау қаласының маңынан бастап, Ұлы Отан соғысының символикасы мен ұранымен безендірілген көліктер легі қаланың орталық көшелерімен, сондай-ақ Нұрсая, Алмагүл, Балықшы және Авангард шағын аудандарымен жүріп өтіп, Жеңіс саябағының орталық қақпасында мәреге жетті.


Шара соңында автошеруге қатысушылар Мәңгілік алауға шығып, гүл шоқтарын қойып, Ұлы ерлікке тағзым етті.


Кейін қарай