Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Шілде, 2021

264

Атыраулық ҚХА БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Атырау қаласының Достық үйінің концерт залында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жанар Ильясова Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне өз үлестерін қосып жүрген облыстық БАҚ өкілдеріне ерекше алғыс білдіріп, мерекелерімен құттықтады.

Атырау өңірінде ұлтаралық келісім мен татулықтың нығаюына айрықша мән беріп, ақпарат таратып жүрген Атырау облысы ҚХА Журналистер құрамының мүшелері өз жұмыстарының қызығы мен қиындығы туралы айтып берді.

Мерекелік шара барысында журналистер қауымы «Қоғамдық келісім» КММ атынан алғысхаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Кейін қарай