10 Ақпан, 2016
946
«АУҒАН СОҒЫСЫ ЖОЛЫМЕН»
Достық үйінің конференц-залында Ауғанстандағы қызмет жылдары артта қалған жауынгер интернационалистермен «Ауған соғысы жолымен» тақырыбында кездесу өтті.
Өз естеліктерімен Мұратбек Қожахметов және Петр Цвингер жастармен бөлісті.
- Иә, содан берi қаншама жыл артта қалды. Жайлап жарамыз жазылды, сарбаздар мен офицерлер есейді, ақылына ақыл қосты, қартайды. Дегенмен сол ауған соғысы туралы естелік әлі де есімізде, от-жалыны көз алдымызда және сол соғыс оқиғаларын ұмытуға өткен жылдар да, ол жердің шалғайлығы да көмектеспейді. Сол тасты жерге талайлар құлады: жара мен аурулардан қаза тапқан және қайтыс болған мыңдаған адам, жүздеген хабарсыз жоғалғандар есімізде сол жас күйінде қалды,- деп, мұңая есіне алды осы соғысқа қатысқан Петр Цвингер.
Кездесуге студенттер мен мектеп оқушылары шақырылды, олар сол сұрапыл соғыс туралы оқиғаларды демдерін іштеріне тарта тыңдады. Сондай-ақ сұрақтар қойды. Бұл соғыс Солтүстік Қазақстан облысын да айналып өткен жоқ. 1000-нан астам солтүстік қазақстандық Ауғанстанда өз интернационалдық борыштарын өтеді. Бүгінгі таңда облысымызда Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының 772 қатысушысы тұрып жатыр.
Кездесу соңында Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі интернационалист-жауынгерлерге гүл және СҚО ҚХА туралы кітап сыйлады. - Біз, сіздерді мақтан тұтамыз, қанша уақыт өтсе де мәңгі есте сақтаймыз! Бұл біздің тарихымыз ғой. Өткенсіз болашақ болмайды. Ал біз әлі ұзақ өмір сүреміз. Біздің кездесуге қатысып, өз естеліктеріңізбен бөліскендеріңіз үшін мың алғыс. Қымбатты ауған жауынгерлері, сіздермен бірге өткен бұл кездесу біздің жүрегімізде ұзақ уақытқа қалатыны сөзсіз, - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
-
Семейде «Тұңғыш Президент Жолымен» халық экспедициясының» шеңберінде шаралар өтті
-
БҚО: Оқу мекемелері «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясына қосылды
-
Көкшетауда Батыр-қала Ленинградқа арнап фотокөрме ұйымдастырылды
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
вчера, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды