25 Қараша, 2016
1057
Ауданда Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы болып өтті
Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің кезектен тыс отырысы өткізілді. Кеңеске Жамбыл облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Сәуле Құрманқұлова, осы бөлімнің әдіскері Кенжебай Өмірбеков, облыс ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Мұхаббат Миражапова, «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнутдин Махусеев, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, ауылдық округ әкімі аппараты жанынан құрылған қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, этномәдени орталықтарының жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыста Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев «Байзақ ауданы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің атқарған жұмысы туралы» баяндама жасап, атқарылған шаруалар туралы жан-жақты айтып өтті.
Одан соң аудандық орыс этномәдени орталықтың жетекшісі, Жамбыл облыстық қоғамдық келісім кеңес төрағасының орынбасары Любовь Горр облыс деңгейінде Қоғамдық келісім кеңесінің атқарып жатқан жұмысы туралы айтып өтті. «Қоғамдық келісім кеңестері - елімізде азаматтық қоғамның әлеуеті үшін бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуші орган», - деп атап өтті Любовь Горр.
Облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы
М. Миражапова отбасында ананың алатын орны, отбасылық құндылықтардың берік жүйесін қалыптастырудың маңызын сөз етті. «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнутдин Махусеев егемен еліміздің келешегі – жастарға бүгінгі таңда жүктеліп отырған міндеттің ауқымдылығын айтып, еліміздің табысына өз үлесін қосу жайын айтты.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады