Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қыркүйек, 2019

6402

Аймақтарда Президент Жолдауы талқыланды

Петропавл қаласының Достық үйінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша Бірыңғай күн өтті.

Диалог барысында іс-шараға қатысушылар пікір алмасып, еліміздің алдағы кезеңге арналған дамуының негізгі бағыттарын айқындады.


«Барбанг» күрдтер қауымдастығы» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Рашид Надиров «Шағын бизнес субъектілерін 3 жылға салықтан босату - бұл кәсіпкерлер үшін мемлекеттің нақты қолдауы болып табылады. Тағы бір маңызды мәселе - мемлекеттік аппараттың тиімділігі. Атқарылған жұмыс үшін жауапкершілікті арттыру және ашықтық – билік пен азаматтық қоғамның сындарлы диалогын құру үшін қажетті қадамдар», – деп атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын  қолдап және насихаттау, талдау мақсатында Тараз қаласында өңірлік этнос өкілдерінің қатысуымен кең көлемді дөңгелек үстел өтті.

Жамбыл облыстық «Днипро» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Федор Клименко «Жолдауда микро және шағын бизнеспен айналысушы кәсіпкерлер салық төлеуден 3 жылға босатылуы және 3 жылға дейін тексеруге тыйым салынатындығы айтылды. Расында еліміздегі жеке кәсіпкерлерді қолдауымыз керек. Сондай-ақ, Жолдауда отандық өнімдерді тұтынуға және оларды қолдау керектігін де айтты. Жалпы жолдау қоғамды қозғаған барлық мәселеге жауап берді», -деп атап өтті.  

Түрлі этнос өкілдерінің мүшелері мен жастар қанатының белсенділері Жолдауға қолдау білдіріп, жеке пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» турасында Тараз қаласының Өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Абдрахман Зайнутдинов өз ойын ортаға салды. Жолдауда аталған агросектор өнеркәсібі туралы ҚХА мүшесі Зайнуддин Махусеев жеке пікірімен бөлісті. 

 

Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы аймақтық штабының мүшесі Алина Мухтасимова Жолдаудағы көтерілген маңызды мәселелердің бірі саналатын қазақ тілінің мәртебесі туралы сөз қозғады. Ол белсенді әрбір жас этнос өкілдері ана тілімен қоса мемлекеттік тілді де тереңірек меңгеру қажеттілігіне тоқталды.

Облыстық ҚХА медиаторы Ғайни Кошекбаева қылмыскерлерге берілер жазалардың қатаңдығын арттыру және адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне кеңінен тоқталып өтті.

Ақтөбе облысының ҚХА-сы да Президент Жолдауын қолдайтындықтарын жеткізді.

Мемлекет басшысының Жолдауын талқылап, онда айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында дөңгелек үстелге жиналғандар маңызды құжат төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісті.

Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е. Құрманбеков  Қ.Тоқаевтың  Жолдауда көрстекен нақты 5 бағытқа тоқталып, мәдениет саласы мамандарының еңбегіне қатысты Президенттің тапсырмаларын қолдайтындығына баса назар аударды.  


Қ.Тоқаевтың Жолдаудағы мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мәселесіне  қатысты Қазақстандағы этностардың қазақ тілін меңгеруі үшін Ақтөбе қаласында арнайы ақысыз курстарды көптеп ашу қажеттілігі туралы ұсыныс айтылды.

Ал Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерімен кездесіп, этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты.

Кездесу барысында қала әкімі Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді, тұрақтылықты сақтау, қоғамның бірлігін нығайту бағытындағы тапсырмаларды орындаудың маңыздылығын атап өтті.


Жиында Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратовтың баяндамасы, ассамблея мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ерлан Айтаханов тұрғындармен ашық диалог орнату арқылы мемлекеттік маңызды бастамаларды түсіндіру, келер жылы қаланың ТМД елдерінің астанасы атануына орай жұмысты ширату, жастар тәрбиесі, еріктілер жылына орай этнос жастарымен жұмысты жандандыру, медиация желісі аясында «Татуласу алаңдарын» құру жөнінде ассамблея хатшылығы мен бірқатар басқармаларға нақты тапсырмалар берді.

Ал Көкшетаудағы Қоғамдық келісім сарайында ҚР Президентінің Жолдауын талқылау мақсатында дөңгелек үстел басына облыстық Ассамблея мүшелері жиналды.

«Дөңгелек үстел» барысында облыстық ассамблеяның мүшелері сөз сөйлеп, Президент жолдауы барлық уақыт талабы мен қоғам үмітіне жауап беретіндіктірені баса назар аударды.


Жиынға қатысушылардың пікірінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы қазақстандық қоғам күткен мәселелерге жауап берді. Оның сөйлеген сөзіндегі бастамалар Президент қарапайым адамдардың мәселелері туралы біліп отыратынын, елдің тамырын дөп басатынын және Жолдау болашақтағы нақты іс-қимыл жоспары екенін сенімді түрде дәлелдеді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын қолдауға бағытталған Бірыңғай күн шеңберінде Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті.

«Жолдаудағы бірінші кезектегі міндеттер» туралы Тараз қаласының Өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Абдрахман Зайнутдинов өз ойын ортаға салды. Сомен қоса, «Еріктілер – бастамшылық қасиетін дамытатын ерекше мүмкіндік» туралы облыстық еріктілер жетекшісі Медет Нұрділдаұлы пікірімен бөлісті. Ал,     «Отбасы және аналар институтына қолдау» туралы облыстық ҚХА Аналар кеңесінің жетекшісі Мухаббат Миражапова баяндама жасады.


Жиын соңында «Президент Жолдауында жаңашылдық» туралы М. Дулати атындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары Парида Мамедова өз ойымен бөлісті.

Алматы қаласының республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының Бірыңғай күні өтті.  

Алматы қаласы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Назар Балғымбаев іс-шараны ашу барысында біздің қоғамымыздың өміріне әсер ететін үлкен өзгерістер күтіліп отырғанын және ел Президенті Қ.Тоқаевтың алғашқы Жолдауы мемлекетіміздің дамуындағы маңызды кезеңге және елдің одан әрі дамуына жеке көзқарасын білдіретін стратегиялық маңызды құжат екенін атап өтті.


Алматы қаласының ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары, Белорус этномәдени бірлестігінің мүшесі Светлана Аннаньева Жолдауда мәдениет пен өмірдің маңызды саласына назар аударылғандығын атап өтті. Ол өз сөзінде «Келесі жылы данышпан тұлғалардың мерейтойларын, Әл-Фарабидің 1150 жылдығын және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстары басталды. Ел Президенті осындай маңызды оқиғалардың жас ұрпақты шынайы патриотизм рухында тәрбиелеуге септігін тигізетініне сенімін білдірді» деді.

Түрікмен этномәдени бірлестігінің төрайымы Гүлнар Атаевна . Аннакулиева   отбасы мен балалық шақ институтын шынымен қолдау, балалардың құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес мәселелеріне ерекше назар аударуды қажет ететіндігін айтты. «Алматы қаласында отбасылық зорлық-зомбылықтан азап шеккен әйелдер мен балалар жасырылған қайырымдылық Үйлері бар. Біз, азаматтық қоғам өкілдері ретінде, осы теріс құбылысқа қарсы тұруымыз керек», - деді.

Кездесудің нәтижесінде сындарлы диалог орнап, оның барысында «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ш. Асиев,  «Филия» Қазақстан гректер Қауымдастығының төрағасы Г. Иорданиди және басқалары өз пікірлерін ортаға салды. Шараға қатысушылар өздері басшылық ететін қоғамдық бірлестіктерде мемлекет Басшысының Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша кездесулер өткізетіндерін жеткізді.  

Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының консультативтік-кеңестік органдарының өкілдері мен этномәдени бірлестік мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халыққа жолдауын талқылады.


Достық Үйінде өткен дөңгелек үстел барысында облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен белсенділері және қоғамдық пікір көшбасшылары жаңа саяси кезеңнің басталуын белгілейтін басты мемлекеттік құжат – Президенттің Халыққа жолдауын қолдап, Жолдау туралы өз пікірлерін ортаға салды.  

Ал Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелері мүшелерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кездесу барысында  басты құжаттағы бірқатар маңызды бағыттарға баса мән беру керектігі айтылды. 


Олар: заманауи тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, серпінді және инклюзивті экономиканы қалыптастыру, әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыру, қуатты өңірлерді қалыптастыру.

«Осы бағыттардың барлығы бойынша нақты міндеттер айқындалды. Жалпы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы Қазақстанның өз дамуында жаңа кезеңге бет алуын сипаттайды деп айтуға толық негіз бар». – деді БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов.

Кейін қарай