
11 Ақпан, 2016
1164
Қайрымдылық эстафетасы
Крупская атындағы балалар үйінде Алғыс айту күні мерекесіне арналған «Менің жарқын әрі көркем әлемім!» атты шеберлік сабағы тәрбиеленушілерге өзгеше әсер, айрықша көңіл-күй сыйлады. Мемлекет басшысының ұсынуымен 1 наурызға бекітілген мерекеге орай Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі және «Нюанс» жекеменшік көркем өнер студиясы (жетекшісі Е. Шульц) мейірімділік пен қайырымдылық эстафетасын бастауды ұйымдастырған болатын.
Гипстен жасалған декоративті ойыншықтарды гуашпен бояу балалар үйінің тәрбиеленушілерін ерекше еліктіріп, тапсырмаға үлкен қызығушылықпен кірісіп кетті.
Кәсіпкер М. Якубов және көмекшісі әрі осы мекеменің түлегі Д. Сельский аса шеберлікпен жасалған ойыншықтарды бүлдіршіндерге өздері табыстап, шеберлік сыныбына балалармен бірге қатысуға ниет білдірді. Жан-жануар, құстарды, әйгілі мультфильм кейіпкерлерін шеберлермен бірге безендіру балаларды шабыттандырғаны сыныптағы айрықша атмосферадан байқалды. Әртүрлі этностардың көңілді ұлттық әндері балаларға тапсырманы емін-еркін орындауға мүмкіндік сыйлады.
Ұйымдастырушылар бейнелеу шығармашылығы арқылы балалардың әлеуетін анықтап, қоршаған әлемді жағымды жағынан тануға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Балалар үйінің директоры Ж. Сыздықова өз сөзінде мұндай іс-шаралар балалардың әлеуметтік дамуына, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, қатарластарымен тілдесу машығын қалыптастыратынын айтып кетті.
«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жетекшісі У. Джанаев Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында жүзеге асатын түрлі шаралар ізгілікке толы екенін баса айтты. Аталмыш шара соның айқын дәлелі екенін білдіре отырып, әрі қарай іс-шара жалғасын табатынын жеткізді.
Бүлдіршіндер өз тараптарынан қонақтарға «Рахмет!», «Біз сіздерді жақсы көреміз!» «Алғысымыз шексіз!» жазулары салынған суреттерін табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақтөбенің оқу орындары «ҚХА - 25 жыл» мерейлі эстафетасына белсенді ат салысуда
-
ШҚО еріктілері игілік эстафетасын Павлодар облысының Достық үйіне жолдады
-
Ақтөбеде аудандар арасында ҚХА-ның мерекелік эстафетасы өтуде
-
БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады
-
БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті
-
ЖЕЗҚАЗҒАНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ ӨТУДЕ
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақтөбенің оқу орындары «ҚХА - 25 жыл» мерейлі эстафетасына белсенді ат салысуда
-
ШҚО еріктілері игілік эстафетасын Павлодар облысының Достық үйіне жолдады
-
Ақтөбеде аудандар арасында ҚХА-ның мерекелік эстафетасы өтуде
-
БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады
-
БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті
-
ЖЕЗҚАЗҒАНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ ӨТУДЕ