
04 Желтоқсан, 2017
1322
Айтулы қос мереке
2017 жылдың 1 желтоқсан күні Атырау қаласындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі №2016 әскери бөлімі үшін маңызды. Тұңғыш Президент күнімен тұспа-тұс келетін маңызды оқиға - бұдан 19 жыл бұрын 1998 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету мақсатында Атырау шекара жасағының құрылған күні.
Осы күннен бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен әкімшілік-аумақтық шекарасын қорғау міндеттеліп, бақылау бекеттерінде шекарадан өткізу шараларын қамтамасыз ету жүктелді.
№2016 әскери бөлімі күзететін шекараның ұзындығы 1145 шақырымды құрайды, оның 713 шақырымы Каспий теңізі арқылы өтсе, 360 шақырымы құрлық, 72 шақырымы Қиғаш өзені арқылы өтеді. Осы жылдар ішінде Атырау шекара жасағы көптеген іс атқарып, көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
2017 жылғы 30 қараша күні Атырау қаласының Достық үйінде, этномәдени бірлестіктер мүшелерімен бірге қос мерекеге арналған салтанатты шара болып өтті. Іс-шара Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы «Дәуір адамы» атты және әскери бөлімнің құрылу тарихы туралы бейнефильмдер көрсетілуден басталды. Бөлім командирі әріптестерін айтулы қос мерекемен құттықтап, қызметтік–жауынгерлік іс-әрекетте жағымды нәтижелерге қол жеткізген шекарашыларды марапаттады. Сонымен қатар Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ–нің басшысы Т.Аман-Турлина құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі 2016 әскери бөлімінің мұражайына «Атырау этностары» атты кітабын сыйға тартты. Іс-шара соңы этномәдени бірлестік мүшелері мен оқу орталығы сарбаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.
Дата события ассамблеи: 04.12.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қостанай облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қостанай облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті