31 Наурыз, 2017
7566
Қайырымдылық акциясы
Ағымдағы жылдың 31 наурызында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен облыстық «Иман» мешітінде, «Милосердия» Қоғамдық қамқорлық қорында «Қайырымды ел» акциясы өтті.
Іс-шара аясында аз қамтылған отбасыларына, әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, зағип жандарға қайырымдылық көмегі көрсетілді.
Акцияны ашқан алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай өз сөзінде: «Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің дәстүрлі қайырымдылық шараларын жалғастыруда. «Қайырымды Ел» акциясы 1-наурызда басталып, бір Алғыс айту күнінің аясында 600 ден астам адамға 9 млн.тенгеден астам сомманың қаржылай көмегі көрсетілген болатын. Бүгінде сол акцияның жалғасы облыстық Иман мешіті мен «Милосердия» Қоғамдық қамқорлық қорында 60 тан астам отбасына НАҚ бірлік қоғамдық қоры мен облыстағы жаны жомарт жандар (меценаттардың) күшімен жиналған азық-түлік себеттері таратылуда»- деді.
Ізгі шараның негізгі мақсаты қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету, достық, бірлікті нығайту.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
-
Алматы қ. ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті