
22 Маусым, 2018
3713
Қайырымдылық керуені Қордай ауданында
Ағымдағы жылдың 21 маусымы күні Қордай ауданы, Сортөбе ауылында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» акциясы өткізілді.
Шараға ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жастары, облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Шу және Қордай аудандарынан қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен белсенді мүшелері, ішкі саясат бөлімінің өкілдері, медиаторлар, Аналар, Ақсақалдар кеңестерінің жетекшілері, дін басқармасының, құқық қорғау органдары, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және БАҚ өкілдері қатысты.
Игілігі мол шара ұлттар бірлігін ұлықтайтын этномәдени бірлестіктердің өнерлі өкілдері және қордайлық өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен басталды. Аталған акция барысында «Үкілім» би және «Болашақ» әншілер тобы, «Архыз» республикалық, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы қоғамдық бірлестіктері мен Қордай ауданы көркемөнерпаздарының өнерлері тамашаланды.
Көмек көрсетуге көптен бұрын асығатын облыстық ассамблея мен «Қоғамдық келісім» КММ Сортөбе ауылындағы жағдайы төмен деген бес отбасыға әлеуметтік көмек ретінде азық-түліктер үлестірді.
«Қайырымдылық керуені» шарасы аясында облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің «Қоғамдық келісім және жергілікті атқарушы органдардың өзара әрекеттестігі», Аналар кеңесінің «Қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан моральдық және рухани білім берудің тиімді механизмдері» Ақсақалдар кеңесі және медиаторлардың «Аға буын өкілдері – ел беріктігінің кепілі» тақырыптарында кеңейтілген отырыстары өткізілді.
Дәл осы уақытта Қордай аудандық «Мәдениет үйі» маңында жасөспірімдер арасында Қазақстан халқының спартакиадалық ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.
Шара соңында «Жаңғыру жолы» облыстық жастар қозғалысы Сортөбе ауылының жастарымен «Көшбасшы бол!» тақырыбында кездесу өткізіп, сонымен қатар, акция шеңберінде Қордай ауданында «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы штабының ашылу рәсімі де өткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Шортанды ауданында семинар-тренинг өткізді
-
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді
-
Катонқарағай ауданында этноквиз өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Шортанды ауданында семинар-тренинг өткізді
-
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді
-
Катонқарағай ауданында этноквиз өтті