
08 Ақпан, 2016
817
Қайырымдылық концерттері ұйымдастырылды
10-шы қаңтарда Павлодар облысында «Қамқорлық» республикалық акциясы басталып, 10-шы ақпанға дейін жалғасатын болады. Акция мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
Қайырымдылық бұл – адамзатты сыйластыққа, сүйіспеншілікке жетелейтін мейірімді әрекет. Бұл біреудің қайғысына деген жанашырлық сезімнің нәтижесі болыт табылады... «Қуана алсаң – қуан, қуанта алсаң – қуант» – дейді халық даналығы.
Ақпан айының 3-і мен 4-і аралығында «Достық» концерт залында «Қамқорлық» республикалық акциясы аясында қайырымдылық концерттері ұйымдастырылды. Іс-шаралар церебралды сал ауруына шалдыққан 3 жастағы Абай Жансая мен 4 жастағы Кәрім Мержасқа арналды. Іс-шара облыстық «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» мен Павлодар қаласының №19, №22, №24, №10 мектептері, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық ҚХА хатшылығының көмегімен ұйымдастырылды.
Концерттік бағдарламаға облыстық «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасының» «Ару ана» ансамблі Павлодар қаласы мектептерінің көптеген талантты оқушылары, әншілері мен бишілері атсалысты. Акция нәтижесінде екі күн ішінде 273200 теңге жиналды. Барлық қаражат Жансая мен Мержастың ата-аналарына табысталды.
Айтпаев Масқат
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
-
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді
-
Оқушыларға СҚО ҚХА Достық үйіне экскурсия ұйымдастырылды
-
ҚХА «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
-
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді
-
Оқушыларға СҚО ҚХА Достық үйіне экскурсия ұйымдастырылды
-
ҚХА «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда