
10 Ақпан, 2016
1126
Қайырымдылық шарасы бастау алды
8 ақпан күні Көкшетау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» акциясы шеңберінде «Жүректен - жүрекке» атты акцияның он күндігінің салтанатты түрде ашылуы болды. Бұл күні мүгедектердің «Аялау» орталығы мен 20 мектеп интернаттың тәрбиеленушілеріне арналған теарландырылған қойылым көрсетілді. «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы балалардың көңілін көтеріп, бір серпілтіп тастау мақсатында мектеп оқушыларының назарына қойылым ұсынылды. Көкшетау қаласының №12,18 және 21 орта мектеп оқушылары ертегілер әлеміне саяхат жасады.
Бұл күні қайырымдылық іс-шарасына келіп, көмек қолын созған жандар да аз болған жоқ. Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы мен өңірімізге танымал «Сауда пласт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мүгедек балаларға арнап әкелген сыйлықтарын табыстады. Сонымен қатар «Бари» армян этномәдени орталығының Аналар кеңесінің мүшесі Рузанна Дегоян тарапынан да бағалы сыйлықтар жасалды.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Киікова Қайырымдылық іс-шара мұнымен аяқталмайтындығын атап өтті. 9 ақпан күні «Жүректен - жүрекке» акциясы «Аялау» қайырымдылық қорында жалғасын табады. Бұл күні «Бари» армян этномәдени орталығы Аналар кеңесімен бірлесе отырып, жарымжан балаларға көмек қолын созады. 10 ақпан күні сағат 15.00-де Ақмола облысының поляктары қауымдастығы Ақмола облысының кәрістері ассоциациясымен бірлесе отырып, Ақмола облысы Білім басқармасына қарайтын «Жасөспірімдерді бейімдеу орталығына» барып, «Дорогою добра» қайырымдылық шарасын өткізеді.
16 ақпан күні облыс әкімінің қолдауымен және кәсіпкерлердің қатысуымен Достық үйінде мұқтаж жандарға арналған «Жүректен - жүрекке» атты аукцион өтеді. Содан жиналған қаржы бірден мүмкіндігі шектеулі отбасының науқас баласына ота жасату үшін баланың ата-анасына тапсырылады. Бұл іс-шараға облыс көлемінде жеке кәсіпкерлер, қайырымды азаматтар, кәсіпорын жетекшілері демеушілік жасайды деп күтілуде. Іс-шараға 300-ге жуық адам қатысады.
Қайырымды азаматтардың барлығын аталған іс-шараның басы-қасында болуға және осылайша материалдық жағынан мұқтаждық көріп отырған отбасыларына көмек көрсетуге шақырамыз.
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды