Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Сәуір, 2021

5075

Қазақ елі – көпұлтты қасиетті қоныс

Қазақ елі – бірнеше ұлтты бір шаңырақ астына топтастырып отырған қасиетті мекен. Жергілікті қазақ халқының бойында қонақжайлылық болмаса осыншама ұлыс пен ұлт осыннан құтты мекенін таппас еді.


Қарағанды облысы ҚХА Ғылыми-сараптама тобының мүшесi, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетi «Философия және мәдениет теориясы» кафедрасы доцентi, философия ғылымдарының кандидаты Әсем Сағатова халқымызға тән қасиеттерді саралап, тәуелсіз еліміздің тірегіне айналған ынтымақ пен бірлігі туралы пікір білдіреді.

- Көшпелi өмiр аясын тыныстаған бiртұтастық қатынасын басынан кешкен адам рухы таза, аңғал, кез келген қиыншылыққа төзiмдi, қайсарлы жауынгер, табиғаттың қандайда болсын кездейсоқ өзгерiсiне әрқашанда дайын, табиғат құшағында еркiндiкте үнемi қозғалыста болатындықтан олардың табиғат пен адам арасындағы сыйластық қатынасы бiртiндеп адам мен адамның қатынасына ұласқан. Көшпелiлер осы өмiр тынысымен үйлесiмде бола отырып, өзiндiк тұрмыс-тiршiлiк негiзiн қалыптастырған, соның нәтижесiнде қайталанбас тұлғасы, мiнезi, дүниенi қабылдау, мәдениетi, тұрмысы, әдет-ғұрпы, адамгершiлiк құндылықтарының негiзiн қалап, тарихта адамзат өркениетiнiң арқауы ретiндегi орны ерекше.

Мысалы үшiн, қонақжайлылық дәстүрiнiң мәдениетпен байланыстылығы - ең алдымен адамдар арасындағы ынтымақтастық пен бiрлiк кепiлi ретiнде танылуында. Яғни, дәстүр бойынша қонақтарға арналып жайылатын дастарханның өзi – ел арасындағы туыстық пен ынтымақтастықты нығайта түсудiң бiрден-бiр нанымды жолы, кепiлi десек артық айтқандық емес. Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелi нәрсе. Бұл тек жайылған ас мәзiрi ғана емес, бұл – өзара iштесу қатынасы. Осындай әдемi дастархан басында адамның пейiлi, iшкi жан-дүниесi, мейiрiм шапағаты, таным-түсiнiгi, сыйластық қарым-қатынасы өз көрiнiсiн тереңiнен танытады. Дастархан басында айтылған әңгiме негiзiнен ұлттық дәстүрдiң өткен тарихынан хабар беретiн небiр салаларын қамтитын, аға өкiлдерге шапағат, кiшi буынға өнеге болатын дәмдi де ақылман дүниелермен астасып жатса, ал сол әңгiме-дүкен барысында шешiлген мәселе және жасалған мәмiле бұл бiр үлкен шаруаның басын қайырған еңбектiң жемiсi болған. Сайып келгенде, қазақтың бұрын-сонды бар мәселенi дастархан басында шешуi де дастархан үстiнiң киелi екендiгiне дәлел болады, - дейді Әсем Сағатова.

Ал өзара келiсiм, түсiнiкке қол жеткiзудiң өзi өнер емес пе, демек, бұл өз кезегiнде мәдениеттiң бiр бөлiгi, тармағы iспеттес рөл атқарады. Дегенмен, қазақ даласы қаншама мәдени ықпалды қорытып, өзi де қаншама құндылықтарды дүниеге әкелгенiн бiздер керемет деген өнер туындыларынан көремiз. Бұдан түйiндейтiнiмiз, қазақ даласының мәдениетi мейлiнше терең дәстүрi бар күрделi және көп қыртысты құбылыс ретiнде танылғандығына ешқандай күмән жоқ. Ал жалпыұлттық мәдени құндылықтарды қабылдау тетiгi, яғни «сезiм құралы» әрқашан да, әр жерде де, әр халық болмысы мен әр ұрпақ бойында да ұдайы сабақтасып отырады.

- Қонақжайлылық халқымыздың өзiне тән табиғи дарындылық қасиеттерiн, ерекшелiктерiн көрсетедi. Бұл қасиет ұрпақтан-ұрпаққа өткен сайын өзiнiң бағасын жоғарылатпаса, жоғалтқан емес. Кезiнде атақты дала данышпандарынан қалған халық ауызекi шығармашылығының небiр туындылары осындай әдемi дастархан басынан ауыздан-ауызға көше жүрiп, сырланып, сан қилы замана елеуiшiнен екшеленiп шығып бiзге жеткен. Қонақжайлылық қасиетi – ұлттық дәстүрдiң ерекше «туындысы». Ол халықтық танымның терең және мөлдiр қайнарынан шығып, халқымыздың рухани iштесу ортасына айналды. Ата-бабамыздан ұрпаққа мұра боп қалған ежелгi дәстүрiне халық даналығының, кемеңгерлiгiнiң iзi самалдай сайрап жатыр. Бұл дәстүр түрiнiң басқалары сияқты жасампаз күшi – халық қажетiне жарамды, пайдалы болуында. Қонақжайлылық – өмiр айнасы, халқымыздың «көркем де әдемi тарихы». Бұл шын мәнiнде халықтын арманын бейнелейтiн құбылыс болуымен бiрге оның тағы бiр құндылығы – бұрынғы ақыл-нақыл иелерiнiң тапқырлығында, тәлiмгерлiк-тәрбиелiк үлгi-өнегесiнде жатыр. Сонымен қонақжайлылық қасиетi белгiлi бiр жағдайға орай, кейде тiптен қалың көпке арналған үлкен той дастархандарын өзiнiң тағылымдық мәнi зор өнегелi ой-толғамдарымен, тозуды бiлмес қазына-мирас болған мәңгiлiк тақырыптарды қамтитын мәйектi «даналық ошағы» деуге тұрарлық, - дейді.

Халқымызға тән қонақжайлылық дәстүрiнiң өркендеуiне ықпал жасаған бұл ең алдымен сайын далада көшiп-қонып жүрген ата-бабаларымыздың көшпелi тұрмыс тiршiлiгiнен туындаған ерекшелiктерiнiң болуымен түсiндiрiледi. Қонақжайлылық қасиетi халықтың ғасырлар бойы жинақтаған өмiр тәжiрибесiнен туған даналық ойлармен астасып жатқан салт-дәстүрiмiздiң ерекше бiр көрiнiсi десе де болады.

- Сондай ерекшелiктерiнiң бiрi – қонақтар арасында сөз майталмандарының дастархан басын үйiрiп әкететiн әр сөзi мен әр ойы өмiрден алынған объективтi оқиғаларымен ұштасып жатқан тек жеке басының ой-толғаныстары мен сезiм серпiлiстерiне ғана емес, халық басынан өткен оқиғалармен жинақталған, сұрыпталған құбылыстарға, ғасырлар тезiнен өткен ұлы ұғымдар мен баянды пайымдауларға негiзделгендiгiнде. Мысал үшiн сондай ақылман ақсақал аузынан шыққан аңыз-әңгiме кейiпкерiнiң бейнесi – халқы көңiлiнен шығатын ерлiк, ептiлiк, мықтылық, төзiмдiлiк, ар, жан тазалығы, даналық сияқты ең аяулы үздiк үлгiлерiн бiр басына дарытқан батырдың азаматтық, адамгершiлiк қадiр-қасиетi, қажыр-қайраты кейiнгi ұрпаққа үлгi-өнеге бола бiлген. Қай халықтың болсын өзiне тән тұрмыс-тiршiлiгi, күн көрiсi, әдет-ғұрып, салт-санасы ұзақ дәуiрлер бойы бiрге жасасып, ұлы халықпен бiте қайнасып, қалыптасады. Осындай ерекшелiктерден келiп қонақжайлылық қасиетi халықтық төл тарихымызда, ұлттық мәдениет пен дүниетанымында өзiндiк орны бар құбылыс ретiнде танылады. Әрi қонақжайлылықтың қай қырынан болсын мән-мазмұнын қарастырар болсақ, бұнда да философиялық ойларға, үлгiлi тұжырымдарға толы рухани қазына ретiндегi орны мен рөлiн жан-жақты тануға болады. Сол себептi қонақжайлылықтың танымдық өрiсi өзiндiк бiтiм-болмысын айқындайтын, ерекшелiгiн көрсететiн, жалпы халық дүниетанымын бейнелейтiн ерекше құбылыс. Қонақжайлылық дәстүрi – қай уақытта болмасын халықтың қажеттi мұрасы, халық өмiрiмен бiте қайнасқан айнасы, кешегiсi мен бүгiнгiсi. Қазақтың мұндай салт-дәстүрiнiң қай-қайсысын алсаңыз да болмыстық негiзi тереңге бойлаған астарымен ұдайы философиямен шендесiп жатады. Мысалы, қонақжайлылықтағы, жалпы дастархан ұғымының құдiреттiлiгi сонша, тiптi ел iшiндегi дау-дамайларды реттеумен қатар елшiлiк-мәмiлегерлiк қызметтер де үлкен, әрi шешушi рөл атқаруда таптырмас «келiсiм орны бола бiлген». Мүмкiн кезiнде қонақжайлылық ойын-сауық, көңiлдiң ажары ретiнде бастау алып, кейiн бiртiндеп уақыт ағымымен дәстүр ең алдымен белгiлi бiр қажеттiлiктен туындайтын мәселелердiң шешiмiн табатын «бiтiмгершiлiк» бағытқа қарай да ойысса керек. Оның бұл реттегi негiзгi мақсаты – көпшiлiктi бiр пiкiрге келтiрiп, жүйелi сөздiң шешiмiн ризалықпен қабылдату, - дейді философия ғылымдарының кандидаты.

Қазақ халқының ұлттық болмыс-бiтiмiне тән қадiр-қасиетi – дастархан жайып, қандай қонақ болсын, танысын-танымасын, қай мезгiлде де, кез келген уақытта жағдайына қарамастан барын жайып, адал көңiлiмен қарсы алып, кеңпейiлдiлiк және меймандостығын таныта да, көрсете де бiлген.

- Кiсiлiк қасиет өз кезегiнде балаға жасынан ата-ана мен айналасындағы үлгi-өнеге, ұлағат арқылы жұғысады, бiр сөзбен айтқанда, қоғамда қалыптасқан адамгершiлiк ахуалдан нәр алған. Сондықтан да ата-баба дәстүрiнде үйiне бас сұққан адамға, жалпы қонаққа байланысты «Қырықтың бiрi – Қыдыр» деген түсiнiк-ұғым қалыптастырған.

Қазақ – ұлттық кескiн-келбетi, намыс сезiмiмен ар-ұятты, ожданды жоғары қоятын халық. Жалпы бабаларымыздан қалған қадiр-қасиет бұл – қонақжай халық ретiндегi қанымызға сiңген ер мiнездiлiк, яғни көңiл табуға деген құштарлықтан туындаған шеберлiлiк, дос, құрдас жинауға құмарлықтан келiп шығатын құлшыныс. Бұлардың барлығы ер мiнездiлiк деп тегiн айтылып отырған жоқ, себебi мұндай әрекетке жауапкершiлiкпен негiзделген ерiк-жiгер керек. Көл-көсiр сары даланы сахна еткен көшпелiлер үшiн бостандық, еркiндiк қандарына сiңген қасиет болса керек.

Ұлы Дала рухы – елiмiздiң береке-бiрлiгi, игiлiгi мен ырзығы, бейбiт өмiр мен тұрақтылығы, бақыты мен дәулетi, достығы мен бауырмалдылығының болашақ бағдарының арқауы болған едi. Және жалпыұлттық игiлiктiң биiк гуманистiк мұраттарынан өз бастауын алса керек. Ақын-жыраулар, би-шешендер, ойшылдар – қазақ қоғамындағы әлеуметтiк-саяси тақырыпты көтерушiлер, өз кезегiнде, игi iстi, жаңалықты бастаушы, таратушылар десе де болады. Әрi халық дәстүрiн насихаттаушылар және туған жердiң, туған елдiң мүддесiн дәрiптеушiлер. Әрi өткен мен бүгiндi және келешектi ұштастырушылар, ұрпақтар сабақтастығын мәдени дәстүрмен байланыстырушы буын болып табылады. Ұрпақтар жалғастығы, қоғам бiрлiгi солардың арқасында өзiндiк мән-мазмұнды иелендi.

Таpих − өткен өмip, оны өзгеpтiп, өңдеп жазуға болмайды. Бipақ таpихта жақсы да, жаман да болады деймiз. Себебi, ол өмip болған соң, өмipде қаpама-қайшылықсыз болмайды. Яғни, бұл табиғи заңдылық. Сол таpихты зеpттеп, талдау жасау аpқылы ғана өз уақытындағы ipi таpихи тұлғалаp халықтың дұpыс бағасын алады. Қазақ халқы өзiнiң бұpынғы-соңғы таpихында небip қилы замандаpды өткiзген. Сол қилы замандаp халқымыздың pухани өмipi мен тәжipибесiнде өшпес iз қалдыpған. Ең бастысы, қиын-қыстау сәтте халықтың жұдыpықтай жұмыла түскенi, «бip жеңнен қол шығаp, бip жағадан бас шығаpған» әpекеттеpi әp кезеңде өз көpiнiсiн беpедi. Соған қаpағанда белгiлi бip әлеуметтiк, саяси және мәдени кеңiстiкте өзiндiк таpихи болмыстың теpең қатпаpлаpынан шыңдалып нәp алған құдipеттi күшке айналған. Кез келген халықтың ойлау жүйесi ұлттық болмыстың дамып, шыңдалуына негiз болған, - деген пікірде.

"Мiне, осындай кемелденген елiмiздiң ұpпақтаpы әp қашанда қандай да бip тағдыp жолымен қоныстанған басқа ұлт өкiлдеpiне деген адамдық қаpым-қатынасы, қиын қыстау сәттеpдегi қол ұшын беpу, күн көpiс деңгейiнiң төмендiгiне қаpамастан ақыpғы азығымен бөлiсе бiлгенi, осы бабалаpымыздан қалған бойымызға сiңген қадip-қасиет болса кеpектi. Халқымыз талай таp жол, тайғақ кешуден аман шыққан, әpi таpих бетiнде мәдениеттiң, өpкениеттiң өшпес iзiн қалдыpа бiлген едi. Таpих тағылымын бүгiнгi көзқаpастаp шеңбеpiде саpалайтын болсақ адамдаp тағдыpы ойлана бiлген жас ұpпақ үшiн аса күpделi қилы заманды бастан өткеpген уақытпен астасып жатқандығын түсiне бiлген абзал. Осы дәстүpлеpден бастау алған, кейiн кең аpнаға түсiп дамыған алдыңғы қатаpлы идеялаp, халықтың азаттығын биiкке көтеpген, еpкiндiктi тәуелсiздiк тұғыpы еткен жаpқын көpiнiстеp – халықтың түпкi түбегейлi аpман-мүдделеpiн теpең түсiнуден туғаны анық. Әp уақытта да халқымыз елдiк пен бipлiктi дәpiптей отыpып, ұлтты ұйысуға шақыpатын ұлтымызға тән тәлiм-тәpбие – болашақта да елiмiздiң ынтымағын одан әpi аpттыpа түсipетiнiне сенiмiмiз мол" - дейді Ә.Сағатова.

Кейін қарай