Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Ақпан, 2024

64

Қазақ халқаның ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеші

Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі мен қалалық Білім басқармасының № 188 мектеп-гимназиясы және Князь Мирзоевтың мәдени-ағартушылық мұрасының халықаралық ғылыми-білім қорының ұйымдастыруымен қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбаев, Алматы қаласындағы №188 мектеп-гимназиясының директоры Базаркүл Мұқтарқызы, Князь Мирзоевтың мәдени-ағартушылық мұрасының халықаралық ғылыми-білім қорының төрағасы Везирь Мирзоев және зиялы қауым өкілдері, этномәдени орталықтардың басшылары мен мүшелері, оқушылар мен ЖОО студенттері қатысты.

Іс-шара барысында әсем ән мен күмбірлеген күймен мектеп оқушылары Мұқағали Мақатаевтың туындыларын мәнерлеп оқыды.



Кейін қарай