01 Шілде, 2020
846
«Қазақша ақпарат бере алмайтындар қызметінен қош айтысуы тиіс»
Олай болса, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту жолында әрқайсымыз өзіміздің азаматтық міндетімізді атқаруымыз керек.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев республикалық «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында ана-тілімізді сақтап, өз тарихымызды терең дәріптеу жөнінде кеңірек айтып өтті.
Демек, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биіктетіп, оның қай салада болмасын кеңірек етек жаюына әрбіріміздің қосар үлесіміз бар. Ол үшін мемлекет басшысы айтқан барлық игі іс – шараларды қос қолдап қолдаған жөн.
Осы тұрғыда мен бір ұсыныс жасағым келіп тұр. Қазір тіл үйрену үшін жаһандық пандемияға айналған індет кезіндегі карантин уақытын үнемді пайдалануға болады. Бұрын қазақ тілін үйренуге уақыт таппайтын болсақ, қазіргі таңда уақытымыз жеткілікті. Сол уақытымызды үнемді қолданып, қазақ тілін үйренуге шақырамын. Бұл тек өзге ұлттарға ғана емес, барша Қазақстандықтарға тиісті деп ойлаймын.
Телеарналардан қазақ тілін үйренуге арналған бағдарламалар мен мультфильмдер, он минуттық шағын фильмдер мен роликтер де жиі көрсетілгені жөн. Күніне бірнеше мәрте қайталап көрсетсе де артық етпейді.
Бұдан бөлек, қазақ тілінде сөйлеу мақтанышқа айналуы үшін, қоғамда қажеттілікті арттыру қажет. Парламент жиындары, баспасөз мәслихаттары мемлекеттік тілде өтіп, халыққа қазақша ақпарат бере алмайтын шенділер қызметімен хош айтысуы тиіс.
Арзу Гурбанова,
Шымкент қаласы әзербайжан этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
вчера, 19:03