18 Қараша, 2019
1405
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жүлдесіне арналған турнир
Көкшетау қаласында Жастар жылы аясында кикбоксингтен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кубогы сарапқа түскен облыстық турнир өтті. Аталмыш сайыста Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалалары және Атбасар, Бурабай аудандарыннан жалпы саны 165 спортшы бақ сынады.
Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Тохаева жарысқа қатысушыларды облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының төрағасы атынан құттықтап, оларға толағай табыстар мен спорттағы үлкен жеңістерді, ал жанкүйерлерге жарқын әсер мен жақсы көңіл-күй тіледі.
Облыстық кикбоксинг федерациясының президенті А.Герасимов жарысқа қатысушылар үшін аталмыш турнир үлкен спортқа жолдама алу алаңына айналатынын атап өтті.
Жарыс екі күнге созылды. Шаршы алаңдағы айқастар аса қызу болып, әркім өзінің жауынгерлік қасиетін көрсетуді, соңына дейін күресіп жеңіске жетуді қалады.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Бурабай ауданының «Спарта» командасы алса, сәйкесінше, екінші орынға Көкшетау қаласынан «Банзай» және үшінші орынға Красный Яр ауылының «Кикбоксинг федерациясының қауымдастығы» командалары тұрақтады.
Барлық жүлдегерлер Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кубогы және дипломдарын иеленді. Жекелеген сындардағы жеңімпаздарға да облыстық ассамблея тарапынан медальдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ақмола облысы
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты