
18 Қаңтар, 2022
321
Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуі
Құрметті отандастар!
Бүгін бүкіл Қазақстан халқы «қайғылы қаңтар» оқиғасының салдарын жоюда күш біріктірді.
Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың табанды және уақытылы жүзеге асырған шешімдерінің, сондай-ақ қазақстандықтардың бірлігі мен татулығының арқасында біз тарихымыздағы күрделі кезеңді еңсере алдық.
Осы күндері Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Президентпен, халықпен бірге болып, бүгінде қалпына келтіру жұмыстарына белсенді қатысуда.
Сондай-ақ «қайғылы қаңтар» сабақтары бізді ел дамуының болашақ бағдарын терең ұғынуға міндеттеді, күнделікті өмірімізде «бейбітшілік», «бірлік» және «қоғамдық келісім» сияқты басты құндылықтар қоғам өркендеуінің іргелі негіздері болып табылатынын айқын көрсетті.
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінде біз әлеуметтік әділеттілік, халықтың әл-ауқаты және қоғамдағы бірлік пен қауіпсіздікті нығайту маңызды рөл атқаратын жаңа Қазақстанды құру қарсаңында тұрмыз. Біз еліміздің экономикасын, саясатын, әлеуметтік саласын терең құру процесіне - жаңа Қазақстанды құру мен дамыту кезеңіне аяқ басудамыз.
Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Президенттің осы маңызды және уақтылы бастамаларын толық қолдаймыз және ортақ күш-жігерімізбен елімізді бұдан да қуатты және гүлденген елге айналдыратынымызға нық сенімдіміз.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды, бұл ұйым денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт сияқты салаларда Қазақстан халқына әлеуметтік көмек көрсету бойынша міндеттерді орындайтын болады.
«Қазақстан халқына» әлеуметтік қоры – бұл біздің ортақ әлеуметтік жауапкершілігіміздің жалпыұлттық институты деп есептейміз.
Біз – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, елдегі бейбітшілікті, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы жауапкершілікті сезіне отырып, Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құрудағы жүйелі бастамаларын іс жүзінде орындауда барлық азаматтарды топтасуға шақырамыз.
Отанымыздың тарихындағы осы жауапты кезеңде әрқайсымыз Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы – бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтайтындығына кәміл сенеміз!
Жаңа Қазақстанды Бірге құрайық!
Ұқсас жаңалықтар
-
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басымдықтарын айқындап берді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтті
-
Алексей Лодочников: Жастар Жаңа Қазақстанды дамытуға үлес қосуы керек
-
Максим Рожин: Еліміздегі барлық этнос өкілдерін «Жаңа Қазақстанды» құруға шақырамын
17 Мамыр, 17:13
ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының Алматы қаласы жастарымен кездесуі
21 Мамыр, 00:10
Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 29 сәуірде ҚХА-ның ХХХІ сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесі
16 Мамыр, 15:12
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ
18 Мамыр, 18:40
«Референдум – бірлікпен әділеттікке» тақырыбындағы дөңгелек үстел
19 Мамыр, 17:54
«Қоғамдық келісім» РММ басшылығының Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі
Ұқсас жаңалықтар
-
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басымдықтарын айқындап берді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтті
-
Алексей Лодочников: Жастар Жаңа Қазақстанды дамытуға үлес қосуы керек
-
Максим Рожин: Еліміздегі барлық этнос өкілдерін «Жаңа Қазақстанды» құруға шақырамын