08 Қараша, 2024
323
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ
7-8 қарашада Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің 10 жылдығына орай форум өтті.
7 қарашада аталған форум аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар өтті. Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи, «Ана үйі» ҚҚ-ң негізін қалаушы АнарРахимбаева, Атырау облысы әкелер кеңесінің төрағасы Шота Қанатов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері және өңірлік Аналар кеңестерінің мүшелеріқатысты.
Біліктілікті арттыру семинары барысында «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасын іске асырудағы Аналар кеңесінің рөлі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, нашақорлықпен күрес және оны алдын алу шаралары, вандализм және ысырапшылдықпен күрес мәселелері талқыланды.
Форумның екінші күніне жоспарланған салтанатты іс-шара кең мазмұнда өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, Білім министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаментінің директоры Меруерт Медетбекова, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Қанат Үмбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи, сондай-ақ өңірлердегі Аналар кеңестерінің мүшелері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салауатты сана» арнайы жобасының жүзеге асырылу барысы мен өңірлік Аналар кеңестерінің қызметі талқыланды.
10 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, ҚХА республикалық Аналар кеңесінің белсенді мүшелері марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты