13 Қыркүйек, 2023
700
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Халық партиясымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
2023 жылғы 13 қыркүйек күні Астанадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы активінің Қазақстан Халық партиясының өкілдерімен кездесуі өтті.
Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің басшылары мен Қазақстан Халық партиясының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов партия өкілдерін Ассамблеяның ағымдағы қызметі және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстарымен таныстырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының саяси партиялармен өзара іс-қимылы ҚР Конституциясында белгіленген негізгі қағидаттарды қамтамасыз ете отырып, Қазақстан халқының татулық, келісім және бірлік атмосферасын нығайтуға ықпал етеді.
«Қазақстан Халық партиясы – еліміздің саяси өмірінің белсенді қатысушысы. ҚР Парламенті Мәжілісінің барлық соңғы шақырылымдарында ҚХП фракциясы құрылып, нәтижелі жұмыс көрсетті. Халық партиясы сайлаушыларының ауқымы кең және партия қоғам мүддесін тек Мәжіліс қабырғасында ғана емес, барлық саяси алаңдарда қорғайды», - деп атап өтті М.Әзілханов.
Сонымен қатар, тараптар өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде, атап айтқанда, қазақстандық қоғамда жалпыұлттық бірлік, қоғамдық келісім және үйлесімді этносаралық қатынастар құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған бірлескен қоғамдық, мәдени-бұқаралық, шығармашылық, ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізу жөніндегі алдағы жұмыс жоспарын айқындады.
Іс-шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан М. Әзілханов және Қазақстан Халық партиясының төрағасы Е.Ертісбаев өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шығыс Қазақстан облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті