Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Сәуір, 2021

6783

Қазақстан халқы Ассамблеясы – елдегі ішкі тұрақтылықтың кепілі

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясына ҚХА мүшелерінің пікірі

Күні кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы өткен болатын. Соған орай, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік басшылары, жастар қанатының белсенділері пікір білдіреді.

Қарағанды облысы кәрiстерi этномәдени бiрлестiгiнiң төрайымы Лилия Ким өткен сессияның Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихындағы орнын ерекше атап өтеді.


– Биыл халқымыз Тәуелсiздiктiң 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы уақыт iшiнде Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегi iшкi тұрақтылықты, қоғамдағы келiсiмдi орната отырып, ауқымды өзгерiстердiң iргетасына айналып, қазығын қадады.

Әр жыл сайын сессия алаңында талқыланып, алға қойылатын тапсырмалар бүгiнде iске асып, нәтижесiн беруде. Тұңғыш Президентiмiз, ҚХА Құрметті Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты, саяси ерiк-жiгерi халықтың бiрлiгiн қамтамасыз етуге бағыт­талды. Елiмiздiң жаңа тарихының шешушi кезеңдерiнде ассамблея әрдайым тұ­­рақ­­­тандырушы және бiрiктiрушi рөл ат­­қарды. Бағдарлай қарасақ, шынында да бiздiң елiмiз келiсiм мен бiрлiктiң арқасында талай биiктi бағындырып келедi.

Бүгiнгi өткен ҚХА сессиясында тәуелсiздiк жылдарындағы жеткен жетiстiктерiмiзге шолу жасалып, әлем елдерi мойындаған бiртұтас мемлекетiмiздiң ары қарай дамып, өркендеу жолындағы бағытымызды айқындады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару құқығын Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа берудi шештiм. Бүгiнгi шешiм Ассамблея қызметiнiң мүдделерiне қызмет ететiнiне және бiздiң Президентiмiзге барлық ағымдағы жұмыстар мен азаматтарымыздың, қоғамымыздың және мемлекетiмiздiң болашағына арналған жоспарларды бiрiздендiруге көмектесетiнiне сенiмдiмiн», -деген шешiмi оның асқан көрегендiгi мен парасаттылығын тағы бiр айқындады.

Ендiгi кезекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дамудың жалпыұлттық басымдықтарын iске асыру бойынша жұмыстарды жандандырып, Елбасы бағдарының сабақтастығын қамтамасыз етудiң барлық мәселеле­рi бойынша жауапты жұмыстар күтiп тұр.

«Славян» этномәдени бiрлестiгiнiң төрайымы Е.Киреева ассамблея кез келген сын-қатер төнген кезде және Тәуелсiздiктiң барлық кезеңiнде әрдайым биiктен табылды дейді:


– Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы «Бiрлiктiң, татулық пен келiсiмнiң 30 жылы» тақырыбында өткізілді. Сессияда Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көптеген маңызды мәселелерді көтерді. Достық пен бірлік барлық Қазақстан халқының ең басты байлығы десек болады. Біздің бірегей жолымыз – елімізде өмір сүретін жүзден аса ұлт пен ұлыстың тең құқықтылығы, ынтымағы мен келісімінің негізінде қалыптасып келеді. ҚХА – тәуелсіздіктің, егемендіктің жеңісі. Ассамблеяға төнген сын-қауіп төнгенде, тәуелсіздіктің барлық кезеңінде биік белестен көрініп, өзінің даңғыл жолындағы ісін жалғастыра берді. Оның тарихында бiздiң ұлттың өрлеу дәуiрiнiң кезеңдерi мен нақты нәтижелерi көрiнiс тапқан.

Қазiргi таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан қоғамындағы тұрақтылықты сақтау үшiн барлық тетiктердiң қалыпты әрi тиiмдi жұмысын қамтамасыз етіп келеді. Бұл бәрiне үлгi болып отыр.

Ассамблея мүшесi, Түркiстан облысы ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының мүшесi, "Жанубий Қозоғистон" облыстық қоғамдық-саяси газетiнiң директор-бас редакторы Алишер Сатвалдиев Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістігіне Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесі зор дейді.


- Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты ХХIХ сессия барысында Тәуелсiздiк жылдарында қол жеткiзiлген басты-басты жетiстiктерiмiз тiзбектелдi. Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Әбiшұлы өз сөзiнде тарих бiрiктiрген ұйымшыл қазақстандықтардың ең негiзгi жетiстiгi ретiнде әр этностың өзiндiк артықшылықтарын бойына сiңiре отырып, Қазақстан жұрты жан-жақты дамыған ұлтқа айналғанын айрықша атап өттi. Орталық Азия мен Кавказ елдерiн қоса алғанда елiмiз сырттан инвестиция тарту бойынша бiрiншi орынға шыққандығы күллi әлемнiң бiзге деген сенiмiн көрсетедi. Осы межелердi бағындыруда Ассамблеяның да өзiндiк үлесi бары ақиқат.

30 жылдықтағы жетiстiктердiң ең бастыларының қатарында Жаңа Түркiстанды салу бар екенi маған ерекше әсер бердi. Көне қаладағы күн сайын, сағат сайын орын алып отырған өзгерiстердi көре тұра, киелi орталығымыздың түлеуiне куә бола тұрып мақтанбаудан басқа амалым жоқ.

Сессия барысында Ассамблея Төрағалығына ҚР Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлануы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрметтi Төрағалықтың ұсынылуы сабақтастықтың айқын көрiнiсi болды.


Жамбыл облыстық «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Кабиева Айгүл Кабиқызы түрлі этнос және өзге діни конфессия­ларды жинай білген ассамблея беделді конс­титуциялық институтқа айналғанын жасырмайды.

- Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы несімен ерекше болды? Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің міндетін жалғастыруды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырғаны ерекшелік кіргізді. Сонша жыл еңбек етіп, этностардың қазақ халқымен бірге тең тұрғыда өмір сүруін қалап өткен Елбасының өз постынан кеткені біраз көңілді түсірсе де, бірақ мемлекет басшысына елдің бейбітшілігінде құрметтеп орнына отырғызғаны тағы да Тұңғыш Президентіміздің тектілігі мен өрелігін көрсетті. Расында да, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері қазіргі халықтың жағдайы едәуір жақсарған. Қазақстан өзінің әлемге тұғырлы мемлекет екенін мойындатқалы әлемдік экономика аренасында өрлеу жолына түсті. Сондай-ақ, Елбасының көрегендігінің Қазақстан өзінің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін едәуір нығайтқанын атап өту керек. Міне, еліміз бейбітшіліктің нақ символына айналып, әлемге үлгі боларлықтай таңба қалдырдық.

Сонымен қоса, түрлі этнос және өзге діни конфессия­ларды жинай білген ассамблея беделді конс­титуциялық институтқа айналды. Бұл жерде де Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын айта кеткен жөн.

Тағы бір айтарым, тіл мәселелі соңғы кездері көп қозғалуда. Қазақ тілін білу біздің басты парызымыз. Ал жастарымыз мемлекеттік тілде сөйлеуге жарысуда. Бұл, әрине, бізді қуантпай қоймады. Елбасының «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», «Әрбір қазақстандық, өзге этнос өкілі болса да қазақ тілін құрметтеуге міндетті!» деген сөздері қазақ еліне өзін-өзі сыйлауда және өзге ұлт өкілдерін сыйлауда серпін сыйлағандай. Сондықтан, мен қазақтың нанын жеп, суын ішіп, қасиетті топырағында аяқ басып жүрген әрбір азамат қазақ болсын, басқа болсын еш бөлінбей, мемлекеттік тілге аса ыждаhаттылықпен құрмет көрсетуін құптаймын.

Ең бастысы – ел аман, жұрт тыныш болсын!


Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің мүшесі, ҚХА Аналар кеңесінің өкілі Идыбо Айша Люшировна әр жыл сайын шақырылған сессия маңызды екенін атап өтті.

- Кеше мемлекетіміз үшін аса маңызды ХХІХ ҚХА «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты сессиясы өтті. Әрине жылдағыдай ерекше зор үмітпен күттік. Себебі, қазақстандықтар үшін әр жыл сайын шақырылатын сессяның маңызы өте зор. Ел үшін, жер үшін маңызды шешеімдер қабылданады. Биылғы сессияда мені елең еткізген ең басты нәрсе Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аса көрегенділікпен өзі мәңгілік басқаруға тиесілі Қазақстан халқы Ассамблеясының басқару күшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа табыстауы болды. Елбасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы Президенттің жанында тұруы керек, ал екіншіден Мемлекет басшысы да Ассамблеяға арқа сүйей алады. Сол себепті мен Ассамблеяны басқару құқығымды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым» - деуі, Нұрсұлтан Әбішұлына деген құрметімді одан әрі еселегендей.


Жамбыл облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Давришев Махмуджон былай дейді:

- Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларына үзбей қатысып келемін. Әр сессия сайын мен ерекше тың дүниелер туралы ақпарлар естіп таңданамын. Дәл сол дәстүрінен жалтармай биылғы жылғы сессияныда ерекше күттім, әрі мен күткендей маңызды болып шықты. Әрине елдегі эпидемиялогиялық ахуалға байланысты сессия онлайн форматта өтті. Сессия барысында мемлекетіміз үшін, ел үшін түрлі маңызды мәселелер қозғалды. Елдеге дамыған, жетілген салалар, жастар, тіл секілді бірқатар жаңалықтармен бөлісті.

Сессияны қоpытындылай келе Елбасы ҚXА төpағасы лаyазымын елдiң iс басындағы Пpезидентi атқаpyы тиiстiгiн атап өттi. «Қазақстан Pеспyбликасының Тұңғыш Пpезидентi – Елбасы тypалы» Конститyциялық заңға, Ассамблея тypалы заңға сәйкес маған Қазақстан xалқы Ассамблеясының төpағасы лаyазымын өмip бойы атқаpy құқығы беpiлген. Ассамблеяны басқаpy құқығымды Пpезидент Қасым-Жомаpт Тоқаевқа беpy тypалы шешiм қабылдадым», - дедi Нұpсұлтан Назаpбаев. Мен, Елбасының әpбip шешiмiне еpекше құpметпен қаpап қолдаймын.

Кейін қарай