29 Мамыр, 2016
860
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім Кеңесінің кеңейтілген отырысы
Жезқазған қаласында өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы нәубет жылдардың зобалаңынан сыр шертетін «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» арналған «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» халықаралық форумы бүгін өз жұмысын бастады.
Форумның алғашқы күнінде Жезқазған қалалық Бизнес және Көлік колледжінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен мүшелері, ҚХА өңірлердегі хатшылығының меңгерушілері, этно-мәдени бірлестік өкілдері, ғалым-тарихшылар, БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңес жұмысы басталмас бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесі залы ашылды. Форум тақырыбына сай безендірілген залдың ашылу рәсімін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттар тобының жетекшісі С.Ә.Әбдірахманов пен Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты С.С.Жумкина жүргізді.
Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.А.Прокопенко қатысып, «Қоғамдық келісім» кеңестерінің ҚХА ХХІҮ сессиясы «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт»мән мәтініндегі міндеттері туралы» баяндама оқып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өтіп жатқан кеңейтілген отырыс тың идеялар мен форумның мақсат-міндетінің жүзеге асуына үлкен септігін тигізетіндігін айтып өтті.
Одан кейін сөз алған мысты шаһар басшысы Б.Д.Ахметов республиканың әр өңірінен және шет мемлекеттерден келген меймандарға алғысын білдіріп, нәубет жылдарда, аштықтан қырылған бейбіт халық пен мемлекеттің дамуы жолында жазықсыз «халық жауы» атанып, өлім жазасына кесілген - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінің маңызына тоқталды.
Дүбірлі жиынға ҚХА мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттары, академик, профессор, философия докторы Қ.М.Қазкенов, сонымен қатар еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысып, азапталған азаматтарды, зардабы көп күндерді еске алды.
Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін форум делегаттары Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайында болып, С. Қожамқұлов атындағы музыкалы-драма театрында «Сәкеннің соңғы сәті» қойылымын тамашалады.
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті