27 Қазан, 2015
1116
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің форумы
2015 жылғы 27 қазанда Астанадағы «Тілеп» Қобыз сарайы» көп функциялы концерт залында Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің форумы өтті.
2015 жылғы 27 қазанда Астанадағы «Тілеп» Қобыз сарайы» көп функциялы концерт залында Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің форумы өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты - Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерін одан әрі нығайту және дамыту.
Форум жұмысына ҚХА мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік және кәсіподақ органдарының өкілдері, облыстық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, округтер мен аудандардың әкімдері, әкімдердің орынбасарлары, олардың кеңесшілері мен әкімдіктердегі бөлім басшылары, өңірлік Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, Ардагерлер кеңестерінің, ҚХА Журналистер клубының өкілдері қатысты.
ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов өз сөзінде мынадай цифрларды мысалға келтірді: «Қазіргі кезде 1 722 кеңес, соның ішінде облыстық деңгейде 10, қалалық деңгейде 77, аудандық деңгейде 47 және ауылдық деңгейде 1 377 кеңес, сондай-ақ ірі кәсіпорындар ұжымдарында 111 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Жыл басынан бері қарай кеңестер саны 252-ге көбейді, әсіресе қалалық деңгейде және ірі кәсіпорындарда жақсы өсті». Ол сондай-ақ, Қоғамдық келісім кеңестерінің ҚХА Төрағасы – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылғанын атап көрсетті. Қоғамдық келісім кеңестерінің міндеті мемлекеттік реформаларды іске асырудың басты шарттары ретінде тұрақтылықты, азаматтық татулықты, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады.
Форум жұмысында өңірлердегі ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің тәжірибелерімен бөлісу, ұйым қызметінің елдегі қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтумен байланысты жаңа нысандарын іздестіру көзделді.
Форумға қатысушылардың бірі, Нағи Ілиясов атындағы селолық округтың (Қызылорда облысы) қоғамдық келісім кеңесінің басшысы Нұрмағамбет Қуандықов өз сөзінде қоғамдық келісім кеңесінің маңыздылығын атап көрсетті. «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында 2013 жылдан бастап өңірлер әкімдіктерінің жанынан облыстық, қалалық, аудандық және селолық деңгейлерде, сондай-ақ елдегі ірі кәсіпорындар ұжымдарында ҚХА қоғамдық келісім кеңестері құрылды. Бүгінде бұны – халық пен үкімет арасындағы алтын көпір деуге болады. Олар этносаралық қатынастардағы тұрақтылықтың нығая түсуіне ықпал етеді», - деді ол.
Сондай-ақ, іс-шара барысында өңірлердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің түрлі бағыттар бойынша атқарылатын қызметінің бағдарламалары таныстырылды.
Форум қорытындысы бойынша жергілікті жерлердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін жаңадан бекітілген заңнамалық нормаларға сәйкес күшейтуге бағытталған шаралар әзірленетін болады. Форум соңында қатысушылардың Мемлекет басшысына арнаған үндеуі қабылданды.
____________________________
«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:
тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,
+7707 705 12 11,
E-mail: info_rgy@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52