Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қараша, 2022

293

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық акциясын жариялайды

Екібастұз қаласындағы жылу электр орталығында болған апатқа байланысты зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық акциясын жариялағаны туралы хабарлайды.

Соңғы келіп түскен ақпарат бойынша, Екібастұз қаласында 130 астам көпқабатты үйлер, 100 астам жеке тұрғын үйлер жылусыз қалды. Ал алдағы күндері -30°С аяз болжанып отыр.

Осыған орай, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Достық үйлерінде сонымен қатар Астана, Семей қалаларында және БҚО, СҚО, Павлодар, Қарағанды облыстарындағы Достық үйлеріндегі волонтерлік орталықтардың базасында қажетті ыстық жабылғылар, жылытқыштар және тағы да жылыту құралдарын жинау үшін жедел штабтар құрылды.

Гуманитарлық көмек жіберу үшін мекен-жай:

Екібастұз қаласы, Достық Үйі, М.Жүсіп көшесі, 101.

Байланыс телефоны: +7 777 545 18 15


Кейін қарай