Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Тамыз, 2022

378

Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы

2022-жылы 5-тамызда Шымкент қаласындаҚазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.Азимова, сонымен қатар онлайн-форматта мемлекеттік органдардың (МҚІА, МБА, ІІМ, БП, ҰҚК) өкілдері, ҚХА, ҚХА Республикалық медиация кеңесі мүшелері, ҚХА аймақтық медиация кабинеттерінің, медиация орталықтарының басшылары, кәсіби және кәсіпқой емес медиаторлар, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Марат Әзілханов өзінің кіріспе сөзінде Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 29 сәуірінде өткен ҚХА-ның 31-сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру аясында Ассамблея мен оның құрылымдарының алдында медиация арқылы екі қызмет - этномедиация институтын дамыту және құқық қорғау қызметіне қатысу бағыттарыайқындалғанын айтты.

Бірінші бағытты жүзеге асыруға қатысты Ассамблея Төрағасының орынбасары мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдар өкілдерін этномедиация дағдыларына оқыту үрдісін ұйымдастырумен қатар, этномедиация оқу орталығын құруға бағытталған негізгі шараларды белгіледі.

Екінші бағыт бойынша ол Ассамблеяның медиаторларын құқық қорғау саласына, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселелеріне тарту, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстардың алдын-алу мәселелерін атап өтті.

Марат Әзілханов өз сөзін қорытындылай келе, ҚХА медиаторларын құқық қорғау жұмыстарына белсенді тарту мақсатында құқықтарды қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша диалог алаңдарын ұйымдастыру, түрлі этностардың өкілдері болып табылатын азаматтардың, достық үйлерінің базасында тұрақты негізде этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау және консультациялар өткізу, халыққа құқықтық көмек көрсету және азаматтардың мәселелерін шешу үшін ҚХА медиаторларының ауылдық жерлерге баруын ұйымдастыру қажеттілігіне назар аударды.

Кездесу барысында Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов этномедитацияны дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Оның айтуынша, 10-11 тамызда Шымкентте медиация бойынша біліктілікті арттыру семинарын өткізу жоспарлануда. Семинар барысында жақын маңдағы Жамбыл облысы мен Алматы қаласынан кәсіби медиаторларды тарту арқылы тәжірибе алмасу көзделіп отыр.

Спикер Эльвира Азимова отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және тұрмыстық негізде жасалатын қылмыстардың алдын-алу тәсілдеріне тоқталды.

«Парасат» медиация және құқық орталығының директоры Гүлмайдан Урозбаева Жамбыл облысында өткізілген этномедиацияның пилоттық бағытымен таныстырып, этносаралық қақтығыстарды реттеу кезіндегі медиативтік тәсілдер бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Шымкент қалалық ҚХА Медиация кеңесінің төрайымы, Халықаралық медиация орталығының директоры Лаура Ақшегірова Шымкент қалалық ҚХА медиаторларының тәжірибесімен бөлісті.

Пікір алмасу барысында қатысушылар проблемалық мәселелермен бөлісіп, этномедиация тетіктері, сондай-ақ жалпы медиация институтын жетілдіру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Айтылған ұсыныстар медиация кеңесі мүшелері тарапынан қолдау тауып, олардың мұқиятзерттелетінен хабардар етті.

Кездесу соңында Медиация кеңесінің жаңа Төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласындағы Өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов таныстырылды.

Кейін қарай