18 Наурыз, 2016
1031
Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы - Наурыз мейрамымен құттықтайды!
Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы - Наурыз мейрамымен құттықтайды!
Биыл Қазақстанның барша халқы Наурыз мейрамын Тәуелсіздіктің торқалы 25 жылдық мерейтойы қарсаңында атап өтеді. Осы жылдар ішінде Наурыз мейрамы жалпыхалықтық мерекеге, халқымыздың достығы мен бірлігінің дәстүріне айналды.
Наурыз мейрамы бізді қайырымдылық пен мейірімділікке, ізгілік пен жанашырлыққа шақырады.
Барша қазақстандық этностардың сүйікті мерекесі Наурыз мейрамы бейбітшілік пен келісімді, татулық пен ынтымақты бейнелейді.
Дана халқымыздың ұлттық рухының негізін қалайтын, ғасырлар бойы атадан балаға аманат ретінде берілетін бұл құндылықтар еліміздің Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының бейбітшіл саясатымен үндескен.
Осының арқасында елімізде бейбітшілік пен өзара түсіністік қалыптасып, бірлік пен татулықты ту еткен, ырысы мен ынтымағы жарасқан халқымыз берекелі өмір сүріп жатыр.
Әз Наурыз баршамыздың ортақ Отанымызға деген шексіз сүйіспеншілігіміздің, достық пен ізгіліктің жарқын көрінісі болсын!
Ардақты ағайын!
Бүгінгі қасиетті мерекеде әр қазақстандықтың шаңырағына ізгілік пен мейірім ұяласын, босағасынан бақыт пен құт-береке аттасын, дастарханы ырыс пен молшылыққа толсын! Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, амандық және толағай табыстар тілейміз!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті