Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Наурыз, 2024

80

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Ардақты аналар!

Аяулы арулар!

Сіздерді сұлулық пен әсемдік мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Татулық пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы бола білген әйел-ана үшін бұл мерекенің орны ерекше.

Бүгінгі таңда Қазақстан әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларында – саясатта, экономикада, ғылымда, мәдениет пен білім беру саласында маңызды жасампаз рөл атқарады.

Сіздердің әлеуметтік белсенділіктеріңіздің артуы, шығармашылық және зияткерлік әлеуеттеріңіздің толық ашылуы – ел табысының басты шарттарының бірі.

Сіздер өмірге сән беріп, мейірім төгіп, шуақ шашып, еліміздің болашағы – өскелең ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді дарытатын жансыздар!

Атар таңдарыңыз, келер күндеріңіз шұғылалы шуақ пен қуанышты сәттерге лайым толы болғай! «Әйел – қырық шырақты» дейді дана халқым. Шырақтарыңыз мәңгі сөнбесін!

Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бірлік, дәулет тілейміз! Ертеңіне елеңдейтін ел-жұрттарыңыздың бастарына бақ қонып, қызыр дарысын!

Мереке құтты болсын, қымбатты әйелдер!


Марат Алмасұлы Әзілханов,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары,

ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

Кейін қарай