Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Наурыз, 2024

84

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, МЕЦЕНАТ АКБАРЖАН ЯХИЯҚАЖЫҰЛЫ ИСМАИЛОВ ЕКІ КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА АСТАНА ҚАЛАСЫНАН ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Бүгін еліміздің бас қаласында «Алғыс айту» күнін мерекелеу аясында «Қайырымдылық керуені» республикалық қайырымдылық акциясы басталды.


Бұл шара қайырымдылықты қолдау, мұқтаж азаматтарға көмек көрсету, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы қағидаттарын насихаттау мақсатында 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен өткізіліп келеді.


Акция аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның қоғамдық құрылымдарының мүшелері жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып отырады.
Бүгін міне Алғыс айту күнінде «Қайырымдылық керуені» республикалық қайырымдылық акциясы бастамасы болып ҚХА Төрағасының орынбасары, Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының төрағасы, белгілі меценат Акбаржон Исмаилов көп балалы және асыраушысы жоқ көп балалы екі отбасына Елорда төрінен жаңа пәтер кілтін табыстады.


Акбаржон Яхияқажыұлы игі істердің үлкенді-кішілі еместігін айта келе, көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын созып, кәсіпкерлердің қайырымдылық жобаларына қолдау көрсетуі олардың азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық сезімінің айқын үлгісі екендігіне тоқталды.


Түптеп келгенде мереке алғыс айтумен шектелмейді. Бүгін міне өздеріңіз көріп отырғандай Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Қайырымдылық керуені» акциясын бастамасын бастап ашып беріп отыр. Осы мүмкіндікті мен де пайдалана келе көптен бері ойда жүрген шаруамды қолға алдым. Негізі қайырымдылық жасаймын деген жомарт жанға ешқандай шектеу жоқ ғой. Жыл сайын әртүрлі қайырымды шараларды өткізіп, үйді-үйді өзім аралау барысында көптеген отбасын көріп жүрдім. Сол бір кезде жатақхананың аядай ғана бір бөлмесінде жеті баламен Гүлнұр ханымды, 4 баламен бір өзі асыраушысы жоқ Мейрамгүл ханымды уақытша баспанадан, яғни времянкадағы жағдайын көрген күннен бастап ойымнан бір кеткен емес. Кішкентай ғана бір бөлме ішінде сабақ та оқиды, тамақ та ішеді, жуынады, сол жерде дем алатынын көзіммен көрдім. Сондай жағдайға қарамастан кішкентайларының мектепті үздік оқитындарын, марапаттары мен медалдарын көріп тағы бір қуанып қалдым. Міне, осындай егемен еліміздің әр азаматына көрсетіліп жатқан қолдаудың бір көрінісі бүгін мерейлі мереке қарсаңында жерлестеріміздің баспаналы болу қуанышының куәсі болғалы тұрмыз. Өз қолымда мүмкіндік барда ойымнан кетпей жүрген істі қолға алып, күні кеше ғана сегізінші баласын дүниеге әкелген алтын алқа иегері Гүлнұр ана мен Дәулет әкеге пәтер беруді жөн санадым. Бір-бірімізге деген құрметіміз бен сыйластығымыз артып, тұтастығымыз нығайсын. Бейбітсүйгіштігімен күллі әлемге үлгі болған еліміздің ішкі ауызбіршілігінің сақталып, тұрақты дамуына атсалысқан, бауырмал болмысымен танылған барша тұрғындарға айтар алғысым шексіз. Бір-бірімізге деген алғысымыз шынайы, көңіліміз кіршіксіз, бірлігіміз бекем, тірлігіміз түзу болғай,- деді пәтер кілтін табыстаушы меценат Акбаржон Исмаилов.


«Қайырымдылық керуені» республикалық қайырымдылық акциясы жыл соңына дейін жалғасып, қорытындыланады.



Кейін қарай