Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Мамыр, 2021

271

«Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрақтылық пен әл-ауқат факторы ретінде» атты дөңгелек үстел өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Чехия Республикасындағы ҚР Елшілігі ұйымдастырған «Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрақтылық пен әл-ауқат факторы ретінде» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Онлайн-кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «ZOOM» платформасында өтті. Оған мемлекеттік органдардың, ғылыми және сараптамалық шеңбердің өкілдері, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.

«Біз бүгін этникалық аспекті түрлі мемлекеттердің ішкі саясатында белсенді рөлге ие болып қана қоймай, халықаралық кеңістіктікте де маңызды орын алатындығының куәсі болып отырмыз. Еуропа үшін де, Азия үшін де халықтар мен этностарды біріктіру мәселелері тұрақтылық пен дамудың маңызды элементі болып табылады. Қазақстанның бұл мәселедегі тәжірибесі біздің әріптестерімізге пайдасын тигізетіндігі сөзсіз. Тәуелсіздікке енді қол жеткізген кездің өзінде-ақ біз мемлекетіміздің этникалық және конфессиялық қағидат бойынша ыдырауына қатысты көптеген болжамдарды жоққа шығардық», - деді М. Әзілханов.

Өз кезегінде дипломаттар: «Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанда тұратын барлық этностарды біріктіретін бірегей институт болып табылады және бүгін елде азаматтарға өз мәдениетін, дәстүрі мен салтын сақтап қалу үшін бірдей жағдай мен тең мүмкіндіктер жасалған. Бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылықтың артында барлық этнос өкілдерінің елеулі еңбегі жатыр» деп атап өтті.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы, Қазақстан және Чехия халықтарының арасында достық қатынастың дамуы, сондай-ақ, экономиканың жеке салаларының қалыптасуы мен ірі инфрақұрылымдық жобаларға қатысу туралы баяндамалар ұсынды.

Кейін қарай