16 Желтоқсан, 2021
1066
Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтайды
Құрметті отандастар!
Бүгін Қазақстан халқы өз тарихындағы айтулы оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде.
Бұл маңызды меже Қазақстан халқының тарихи таңдауының және өз тағдырының иесі болу, өз жерінде өмір сүру, еркіндік пен өркендеуге ұмтылуда өзіндік даму жолын айқындау сияқты негізгі құқығын жүзеге асырудың жарқын нәтижесіне айналды!
30 жыл ішінде тәуелсіздік, егемендік, аумақтық тұтастық, біртұтас халық сияқты ұғымдар терең мазмұнға ие болды - берік экономикалық және әлеуметтік негіз, тұрақты қоғамдық-саяси және тиімді құқықтық жүйе, жоғары рухани-мәдени байлық және біріктіруші мемлекеттік тіл.
Қазақстан өзінің достық саясатымен, бейбітшіл интеграциялық бастамаларымен, сондай-ақ халықаралық қатынастардың барлық мәселелері бойынша сындарлы ұстанымымен халықаралық қоғамдастықтың танымал және беделді мүшесіне айналды.
Қазақстан тәуелсіз, қуатты мемлекет құруда толағай жетістіктерге ел дамуының негізі болған бейбітшілік, бірлік және Отанға деген сүйіспеншіліктің арқасында қол жеткізді.
Осы жылдар ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан халқы тыныш, күйзелістер мен жанжалсыз жаңа ел құрды.
Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасының стратегиялық бағытын жалғастыра отырып, экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістердің жаңа кезеңін жүзеге асыруда.
Тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік, этносаралық келісім және конфессияаралық диалог әрбір қазақстандық азамат өмірінің ажырамас бөлігі ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың, мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде қоғамдық сананы жаңғыртудың негізі болып табылады.
Біз барлық азаматтарды бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауға, жетістіктерді мақтанышпен арттыруға және елдің дамуына өз үлесін қосуға шақырамыз.
Біздің Қазақстанға және оның әрбір азаматына гүлдену мен амандық, бейбітшілік пен тыныштық, ортақ жеңістер тілейміз.
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі
Майя Бекбаева
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті