30 Сәуір, 2016
858
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жарқын болашақ» халықаралық тіл және мәдениет фестиваліне қатысушыларды қабылдады
2016 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ҚХА залында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері «Жарқын болашақ» атты қазақ тілінен өткізілетін халықаралық олимпиадаға қатысушылармен кездесті.
Кездесуге Орта және Орталық Азия, Африка, АҚШ, Оңтүстік Еуропа, Филиппин, Индия елдерінің өкілдері, сонымен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Алтай Республикасындағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Г. Микаелян, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің бас сарапшысы Г.Б. Оразбекова мен жетекші сарапшысы Ә.Қ. Дүйсенбиев қонақтарға әлемдегі табысты модельдердің бірі ретінде танылған Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі, ҚХА 20 жылдық тарихы және ҚХА XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі туралы айтты.
Өз кезегінде қонақтар ұлттық билері мен әндерін шырқап, өнерлерін ортаға салды. Шетелдегі қазақ диаспораларының өкілдері кездесуге белсене қатысып, көкейтесті көптеген сауалдарға тұщымды жауаптар алды. Сондай-ақ, Ұлттық музейдің қызметкерлері ҚХА залында орналасқан экпозициялармен таныстырып өтті.
«Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізудегі басты мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамыту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау, қазақ тілінде ән айту, мәнерлеп оқу, ғылыми жұмыс қорғау, шығармашылық қабілетін көрсету арқылы еліміздің «жарқын болашағы» үшін аянбай қызмет ететін қабілетті жастарға қолдау көрсету болып табылады.
Олимпиаданың жеңімпаздары еліміздегі ЖОО-ның білім гранттарына ие болады. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылатын Халықаралық фестиваль 30 сәуір күні «Қазақстан орталық концерт залында» өткізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32