
25 Қаңтар, 2023
81
Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды
2023 жылғы 24 қаңтарда Астана қаласында Мемлекет басшысы - Ассамблея Төрағасына Ассамблеяның ұсынысы бойынша ҚР Президенті тағайындайтын ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына бес кандидат бойынша ұсыныстар енгізу бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес жұмысына Ассамблея Кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, жастардың өкілдері қатысты.
ҚХА Кеңесінің мүшелері өз сөздерінде ҚР Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 104 Жарлығы («Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы») жарияланып, ҚР Парламенті Мәжілісіне жаңа сайлауды тағайындаумен Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Президенті болып Сенаттың он депутатын тағайындау туралы нормасы күшіне енетінін, оның бесеуі - Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындалатынын атап өтті.
Осыған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы шеңберінде өңірлік және республикалық деңгейде республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшыларымен, ҚХА қоғамдық құрылымдарымен, заңгерлермен Мемлекет басшысына сенаторлыққа кандидаттар бойынша ұсыныстар қалыптастыру бойынша кең консультациялар өтті.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңының 14-бабы 7-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Ассамблеяның ұсынысы бойынша ҚР Президенті тағайындайтын Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну бойынша ұсыныстар әзірлеуге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары құқылы екендігі атап өтілді.
Бұл ұсыныстар Ассамблея Кеңесіне жіберіледі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі Ассамблеяның ұсынысы бойынша ҚР Президенті тағайындайтын Парламент Сенатының депутаттығына бірқатар кандидаттарды ұсыну бойынша өңірлік ассамблеялардың енгізген ұсыныстарын қарады.
Атап айтқанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары 1984 жылы туған, неміс, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі – Евгений Андреевич Больгерттің; 1969 жылы туған, ұйғыр, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі – Закиржан Пирмухамедович Кузиевтің; 1968 жылы туған, татар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі – Нұрия Исмагиловна Ниязованың; 1984 жылы туған, өзбек, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі – Әлішер Гапиржанұлы Сатвалдиевтің; 1989 жылы туған, орыс, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі – Геннадий Геннадьевич Шиповскийдің кандидаттарын ұсынды.
Жан-жақты талқылаудан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімімен аталған кандидатураларды Кеңес қолдап, Мемлекет басшысына –Ассамблея Төрағасына ұсынды.
Жалпы, ҚХА Кеңесі Мемлекет басшысының 2022 жылғы наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында бастамашылық еткен саяси реформалар бағдарламасын іс жүзінде іске асырудағы маңызды қадам болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы 10 жылдық жұмысын қорытындылады
-
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды
-
Қазақстанның Тәуелсіздік күні
-
«Туған жерім - Қазақстан!»
-
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің отырысы
-
Павлодар қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту бойынша семинар-тренингі өтті
30 Қаңтар, 11:07
Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесі отбасындағы зорлық-зомбылық, нашақорлық және суицидтің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейтпек
27 Қаңтар, 19:03
Холокост құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара
сегодня, 11:50
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Өзбекстан Республикасынан келген делегациямен кездесті
вчера, 17:47
Талғар - Іле аудандарындағы ҚХА құрылымдарының төрағаларымен кездесу
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы 10 жылдық жұмысын қорытындылады
-
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды
-
Қазақстанның Тәуелсіздік күні
-
«Туған жерім - Қазақстан!»
-
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің отырысы
-
Павлодар қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту бойынша семинар-тренингі өтті