Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Желтоқсан, 2021

626

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық қайырымдылық форумы өтеді

2021 жылғы 14 желтоқсанда сағат 16.00-де Нұр-Сұлтан қаласында Rixos President Astana қонақ үйінде (Дінмұхамед Қонаев көшесі, 7) Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық қайырымдылық форумы өтеді.

Форумға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.А.Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі С.Р.Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, өңірлік делегациялар – меценаттар, демеушілер, қайырымдылық ұйымдары мен қорлар, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ҚХА қайырымдылық жобаларының қатысушылары және БАҚ өкілдері қатысады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» форумы мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, мейірімділік пен гуманизм сынды адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Форум барысында мемлекеттік және ҚХА қоғамдық наградалары: «Халық алғысы» медальдары, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдары, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық медальдары, «Жомарт жан» төсбелгілерімен, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді.


Кейін қарай