Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қараша, 2021

402

ҚХА ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елім деп соққан жүрегі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті

29 қараша күні Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елім деп соққан жүрегі» атты республикалық дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шараға ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, қоғамдық құрылымдардың, кафедралардың және Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының, БАҚ өкілдері қатысты.


Республикалық дөңгелек үстелді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, жазушы Мәлік Отарбаев ашып, өткізді. Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев - бәсекеге қабілетті мемлекетті одан әрі құру үшін талант пен ерік-жігер беретін, қазіргі заманның көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткері екенін атап өтті. Спикер сондай-ақ жаңа дәуірде, әсіресе жас ұрпақ үшін, әрбір қазақстандық үшін негізгі бағдар болатын "елдіктің жеті қыры" туралы тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Елбасының заманауи мемлекеттіліктің құрылысындағы, ұлттың тарихи санасын қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті, қазақстандық экономика мен қоғамның жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларда дамуы, Мемлекет басшысының болашағы біртұтас ұлтты құру туралы идеясының тұжырымдамалық негіздерін ілгерілету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, қатысушылар барлық этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруінің маңыздылығын атап өтті.


Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы бейнеролик, сондай-ақ қазақстандық жазушылар кітапханасының "Елін сүйген, Елі сүйген-Елбасы" кітап көрмесі көрсетіліп, Елбасы туралы кітаптар, фотоматериалдар, оның еңбектері ұсынылды.

Іс-шара соңында этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының серіктестеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Кейін қарай