Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қыркүйек, 2022

377

«Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық қатынастарды дамытудағы рөлі» тақырыбындағы халықаралық конференция

2022 жылғы 23-қыркүйекте Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың қатысуымен Шымкентте «Қазақстан Республикасы өзбектер этномәдени бірлестіктері «Дустлик» ЗТБ ұйымдастырған «Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық қатынастарды дамытудағы рөлі» тақырыбында халықаралық конференциясы өтті.

Елдегі диалог пен ынтымақтастықты нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі. Бұл халықаралық конференция соның айқын дәлелі болды.

Іс-шараға бауырлас Өзбекстаннан келген қонақтар, соның ішінде Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар комитетінің өкілдері және Өзбекстандағы ҚХА достық елшісі қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы бұған дейін Комитетпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған болатын.

Биыл Қазақстан мен Өзбекстанның дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толды.


Кейін қарай