Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Сәуір, 2021

362

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы өтті

2021 жылы 28 сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті.

Сессия жұмысына ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев, аймақ әкімдері – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы және облыстардағы ҚХА төрағалары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, ҚР Парламенті депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, аймақтық және республикалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, саяси партиялар, діни бірлестіктер, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық интеллигенция өкілдері және БАҚ қатысты. Барлығы 550-ден астам адам.

Сессия барысында Елбасы Ассамблеяның алдына қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі нығайту бойынша нақты міндеттер қойды.

Сессияда ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің басшылары, аймақтардан келген делегаттар, жұмысшы өкілдері, спорт, азаматтық қоғам өкілдері, жастар және т.б. сөз сөйледі.

Ассамблея сессия соңында Үндеу қабылданды, онда «30 жыл бұрын Тәуелсіздікке алғаш қол жеткізгеннен бастап халқымыз, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел басшылығымен, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті – ел дамуының басты ұстанымы ретінде таңдады. Бұл қағидат – табысты да ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалардың, саяси жүйені үздіксіз демократияландырудың, ұлттың әлеуметтік капиталын дамытудың мызғымас іргетасына айналды.

Тәуелсіздікті, елдегі татулық пен келісімді күшейтуде Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі айрықша.

Жалпыхалықтық институтқа айналған Ассамблея – құндылықтар мен азаматтық ұстанымдардың тұтастығын нығайтты және ортақ мақсаттар мен міндеттер аясында ел тұрғындарының мызғымас бірлігін қамтамасыз етіп келеді. Ассамблея қызметінің арқасында еліміздің этностық және мәдени сан алуандығы дамудың және реформалардың маңызды факторына айналды.

Үндеуде Елбасының татулық пен келісімнің қазақстандық бірегей моделін құрудағы тарихи рөлін айрықша аталып өтілді.

Ассамблея – барлық азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және ұлттың адами әлеуетін нығайту, әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құру бағытындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген дамудың жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру бойынша жұмысты жандандыруға шақырады.

Біз, тәуелсіздік пен бірлікті нығайта отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасының табысты дамуы мен өркендеуіне қол жеткізетінімізге нық сенім білдіреміз!» делінген.

Осымен Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясы өз жұмысын аяқтады.


Кейін қарай